Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚР МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ КЕНЖЕ-ӘЛІ МАҚСАТБАЙҰЛЫ 70 ЖАСТА

ҚР МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ КЕНЖЕ-ӘЛІ МАҚСАТБАЙҰЛЫ 70 ЖАСТА

Бүгін ҚР Мәдениет саласының үздігі, әнші, жүргізуші Асқар Кенже-Әлі Мақсатбайұлының 70 жас мерейтойына арналған «Өмірім – өнерім, өнерім – өрісім» атты шығармашылық кеші өтті. Мерейтойлық кеш өнер иесінің өмір жолынан әзірленген сахналық қойылыммен бастау алды.
Тағылымды шараға аудан тұрғындары, зиялы қауым өкілдері мен өнерсүйер көрермендер көптеп жиналды.
Салтанатты шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Алмасбек Есмаханов мерейтой иесіне ізгі лебізін білдіріп, дәстүрге сай иығына шапан жауып, құрмет көрсетті. Қызылорда облысының мәдениет,архивтер құжаттама басқармасының басшысы Жанмұрат Жақсымұратұлының Құттықтауын табыстады. Сондай-ақ өнер иесінің саналы ғұмырындағы өңірдің мәдениеті мен өнеріне қосқан үлесі жайында атап өтті. Аудан басшысынан кейін облыстық мәслихат депутаты Ибайдулла Тілеп сөз алып, Кенже-Әлі Мақсатбайұлын мерейтойымен құттықтады.
Шығармашылық кеш мерейтой иесінің орындауындағы «Көңіл толқуы» әнімен басталды. Мұнан кейін әншінің орындауында «Тәуелсіздік-елдігімнің айғағы», «Жамғыр төкту», «Сүйемін өмірді», «Жас дәурен», «Сыр елім» атты әндері шырқалды. Кеш барысында әншінің әріптестері, шәкірттері мен өнерлі ұрпақтары өнер көрсетіп, рухани кештің мазмұнын байыта түсті.
Мерейтойлық кеш соңында көрерменге кеңінен танымал сазгер, әнші Ескендір Хасанғалиевтің репертуарындағы «Атамекен» әні орындалып, мерейтойлық шара әсерлі қорытындыланды. Шығармашылық кешке қатысқан барша қонақтар кеш иесіне зор құрмет пен ыстық ықыластарын білдірді.
01 наурыз 2026 ж. 31 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031