Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бәсекеге бейім білім ордасы

Бәсекеге бейім білім ордасы

Осыдан алты жыл бұрын Әйтеке би кентінің шығыс жағында тұрғындардың өтінішімен іргетасы қаланған 300 орындық білім ордасы бүгінде оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беріп келеді.
Талапқа сай жабдықталған ғимарат 2018 жылы ашылды. Сол тұста облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов мектеп директоры Мейрамбек Жұмашовқа білім ордасының кілтін табыстады. Осы жылы 1 қыркүйек – Білім күніне орай аудан әкімі М.Ергешбаевтың қатысуымен «Сыңғырла күміс қоңырау» атты салтанатты жиын өтіп, білім ордасының табалдырығын 316 бала аттады. Жаңа мектепке облыс әкімі 1, аудан әкімі 1, аудандық білім бөлімі 3 интерактивті тақтаны сыйға берді. Мектептің оқу-әдістемелік кеңесі жанынан жаңартылған білім мазмұны бойынша І-ІІІ деңгей оқыған мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу мақсатында «Сенім көкжиегі» атты қауымдастық құрылып, пән мұғалімдерінен жасақталған 5 әдістемелік бірлестікке 5 интерактивті тақта қолдануға берілді. Оқу ордасында 18 пән кабинеті, 2 информатика, 1 лингофон, қыз және ер балаларға арналған 2 шеберхана, 521 шаршы метрді құрайтын спорт зал, спорт алаңы, кітапхана, АКТ залы, 100 орындықтан тұратын асхана және жаратылыстану-математика бағытына сәйкес химия, биология, физика пәндерінің зертханалық кабинеттері толықтай қажетті құралдармен жабдықталған. Қазіргі таңда 447 оқушымен толықты.
– Білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта болса, оның жүрегі – мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс – оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атану, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін жан. Міне, мектебімізде осындай қасиетті бойына сіңірген 61 педагог, оның ішінде 5 магистр маманы жұмыс жасайды. Басым көпшілігі жас мамандар. Алғашқы оқу жылында 61 педагогтің ішінде жоғарғы және педагог-зерттеуші 4, педагог-сарапшы маман 17, модератор 24.
Ұжым мүшелерінің тыңғылықты жұмыс жасауының, дұрыс бағыт-бағдардың, оқу-әдістемелік жұмысқа жұдырықтай жұмыла білудің нәтижесінде білім ордамыз аудан бойынша үшінші орыннан көрінуде, – дейді мектеп директоры Мейрамбек Жұмашов.

Ұстаз жетістігі – мектеп мәртебесі
Оқушыларды түрлі білім додаларына баулу, жан-жақты етіп тәрбиелеу, республикалық, халықаралық деңгейдегі сайыстарға даярлауда ұстаздар аянбай тер төгіп келеді. Бес жыл ішінде білікті мұғалімдер жетістіктерге жетіп, мектеп мәртебесін асырып келеді. Халықаралық А.Жұмаділдаев атындағы математикалық олимпиададан математика пәнінің мұғалімі Құдайберген Төлепберген жүлделі үшінші орын иеленді.
Республика көлеміндегі сайыстардан да сүрінбей, жеңімпаз атанғандар жетерлік. 2023 жылы гоеграфия пәнінің мұғалімі Гүлшахар Әймішоваға Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бисенбаев мырзаның арнайы «Алғыс хаты» табысталды. «Үздік жас математик маман» байқауынан математика пәнінің мұғалімі Құдайберген Төлепберген жүлделі І орын, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сая Утепова «Мәңгілік ел ұстаздары – 2020» атты республикалық байқауда 1000 педагогтің арасынан екінші бағыт бойынша 62 мұғалім іріктеліп, «Үздік педагог» медалімен, куәлікпен және Диплом марапатталды. Тарих пәнінің мұғалімі Бағдат Орымбас Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Құрмет грамотасы» және Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері атанды. Математика пәнінің мұғалімі Айдана Алшоразова Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы төрағасының «Құрмет грамотасымен», «Абай әлемі» бағыты бойынша буктрейлер сайысында ағылшын пәнінің мұғалімі Әнел Әбдіраш І және бастауыш сынып мұғалімі Ақсұлу Құрман ІІІ орын алды. 2020 жылы «Ұлттық мектеп лигасы» асық ойынынан 7-8 сынып оқушылары арасында ІІ орын (жетекшісі: Құрманбайұлы Ақжол), 2021 жылы Талдықорған қаласында өткен «Ұлттық мектеп лигасы» гандболдан 9-11 сынып қыз балалар ІІ, 2022 жылы 11 республикалық мектеп оқушыларының жазғы гимназиядасында І, 2023 жылы Астана қаласында өткізілген гандболдан 9-11 сынып оқушылары арасында ер балалар ІІІ, қыз балалар ІІ иеленді. Спорт сүйер шәкірттерді шыңдаған жетекшісі Нұркен Жұбатқан.
Облыстық жарыстарта ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Әнел Әбдіраш «Үздік жас маман – 2019» байқауында бақ сынап, «Үздік ашық сабақ» бағамымен және «Тіл дарын» сайысында ІІ орын иеленді. Жаңақорған ауданында өткен білім қызметкерлерінің спартакиадасында дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері Нұркен Жұбатқан мен Таңшолпан Қаниева аудан намысын қорғап ІІ орын, Таңшолпан Қаниева Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитетінің «Құрмет» грамотасын алды. «Ұлы даланың жеті қыры – ұлттық тарихи құндылықтарымыз» облыстық семинарына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сая Утепова мен орыс тілі пәнінің мұғалімі Алима Асқарова ашық сабақ көрсетіп, оларға арнайы сертификатқа берілді. «Үздік бастауыш сынып мұғалімі – 2020» тақырыбында облыстық байқауда бастауыш сынып мұғалімі Ақгүл Танабергенова «Алғыс хат», «Абай әлемі» атауымен буктрейлер сайысында ағылшын пәнінің мұғалімі Әнел Әбдіраш ІІ, бастауыш сынып мұғалімі Ақсұлу Құрман ІІІ орынға лайық деп танылды. Сондай-ақ жан-жақты, ізденімпаз ұстаз Әнел Әбдіраш Қазақстандағы Фулбрайт ұйымы мен АҚШ елшілігі бірлесе ұйымдастырған ағылшын тілі пән мұғалімдеріне арналған семинарында І орынды жеңіп алды. Тарих пәнінің мұғалімі Раушан Қазбаева мен бастауыш сынып мұғалімі Эльмира Көшербай облыстық кәсіподақ комитетінің Алғыс хатымен, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Ақжол Құрманбайұлы «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының «Алғыс хатымен», Сыр өңірінің тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттырудағы кәсіби маман ретінде көрсете білгені үшін Ғабит Ақшатау облыс әкімінің орынбасары Н.Байқадамовтың «Алғыс хатымен», облыстық білім басқармасының басшысы А.Қасымованың «Құрмет грамотасымен», облыстық буктрейлер сайысында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сая Утепова «Мәриям Хәкімжанованың 115 жылдығы» бағыты бойынша және бастауыш сынып мұғалімі Құрман Ақсұлу «Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығы» бағыты бойынша І орын берілді.
«Үздік сандық білім беру ресурсы – 2021» байқауында тарих пәнінің мұғалімі Алдияр Жамет ІІ, бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасында бастауыш сынып мұғалімі Айгүл Досанова ІІІ орын алса, білім беру ұйымдарының директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Халықаралық зерттеулер бойынша үздік мектеп үйлестіруші – 2022» сайысында оқу-ісі жөніндегі орынбасары Гүлшахар Әймішоваға да үшінші орын берілді. Жалпы білім беру мекемелерінде дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің арасында өткізілген «Үздік жас маман – 2022» сайысында Нұркен Жұбатқан оқып бойы оза шауып, бірінші орынды жеңіп алды.

Талапшыл мұғалім танымал шәкір тәрбиелейді
Мұғалімдері майталман мектептің шәкірттері де білім шыңдары мен өнер белестерін бағындыруда. Республикалық «Қазақтың қара өлеңі – құдіретім» атты Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған көркемсөз оқу байқауында Ғазиз Жүсіпбек бас жүлде, Елжан Бисенов, Ғазиза Жүсіпбек І дәрежелі, Самұрат Тәңірберген, Амира Нысанжан ІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Жетекшілері Анар Бакенова мен Ақгүл Танабергенова. Тараз қаласында өткен ұшқыр доп ұлттық лигасында Әсет Сәдуақас пен Арсен Еркінұлы ІІ орын иеленді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған «Мен – репортермін» байқауында 7 сынып оқушысы Балнұр Жаңабай ІІІ орын алды.
«Менің кішкентай Отаным» атты республикалық зияткерлік байқауының облыстық кезеңінде 9-сынып оқушысы Бекарыс Әбдіқани ІІ орынға қол жеткізді. Жетекшісі Мейрамбек Жұмашов. «Orda junior – 2018» ғылыми жоба байқауында 3 сынып оқушысы Жансерік Өтеміс пен жетекшісі Гүлмира Сүлеймен ІІІ орын, 5 сынып оқушысы Айнұр Қылышбаева және ұстазы жетекшісі Сая Утепова «Дипломмен марапатталды. 7 сынып оқушысы Фариза Қылышбаева өзін-өзі тану пәнінен жоба қорғап, «Алғыс хат»иеленді. Фаризаның жетекшісі Шаттық Тотанов.
1-6 сынып оқушылары арасында өткізілген «Елдік пен ерлік мекені» тқырыбында жас суретшілер байқауында 6 сынып оқушысы Айтұмар Болсын ІІІ орын алды. Өнерлі өреннің жетекшісі Аян Арзы. Пәндік олимпиадада тарих пәні бойынша 6 сынып оқушысы Ерасыл Жеткерген ІІ орын (жетекшісі: Қазбаева Раушан), «Сыр қойнауы» бағдарламасы аясында «Рухани жаңғыру» орталығы мен «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру орталығының ұйымдастыруымен «Біздің отбасының құнды жәдігерлері» атты жас зерттеушілер сайысында 10-сынып оқушысы Ақерке Қолдасбай І орын (жетекшісі: Шатуова Бағдат), 9 сынып оқушысы Аяулым Замадинова (жетекшісі: Утепова Сая) ІІ орын иеленді.
«Ұстазым, менің ұстазым...» шығармалар байқауында 9 сынып оқушысы Аяулым Абдіқаниева ІІ орын, «Менің ұстазым» эссе байқауынан Фариза Қылышбаева мен Аяулым Абдіқаниева «Алғыс хат», «Қарттарым – асыл қазынам» сурет байқауынан Жабай Дінмұхаммед ІІ орын, 1-4 сынып оқушыларына арналған «Менің отбасым» тақырыбындағы сурет байқауында Ақбота Маханғали І орын, Ямшит Гүлсезім мен Нысанжан Амира ІІ орын, Жеткерген Батырхан ІІІ орынға лайық болды. Бұл оқушыларға бағыт-бағдар беріп жүрген жетекшілері Сая Утепова, Эльвира Өмірзақова, Гүлзат Бақытжановалардың еңбеігі ерекше.
– Сонымен қатар, мектеп оқушылары мен педагогтері түрлі қашықтық олимпиадалардың (КИО, «Ақбота» интелектуалды марафон, «Пони», «Тарих ата», «Кенгуру» т.б.) жүлдегерлері. Республикалық «Qaztest» сайтының ұйымдастырумен өткізілген байқауда «Үздік ұжым» кубогімен марапатталдық. 21 мектеп ұстазының мақалалары мен үлгілі сабақ жоспарлары «Тағылым» республикалық ғылыми-әдістемелік журналына жарияланып, арнайы І және ІІ дәрежелі Дипломдар иеленді. Аудан көлемінде, 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні «Таңдауымыз – таза қоғам» акциясы аясында өткізілген эстафеталық жарыста ІІ, «Туған жерім – тұнған шежіре» тақырыбындағы аудандық бейнеролик байқауында ІІІ орын, гүлдер мерекесінде «Үздік аула гүлдері» бағамына ие болдық.
Әр уақытта бала білімін алға қоюшы ұстаз үлкен көрсеткішке қол жеткізу жолында талмай талаптанып, шаршамай еңбектенеді. Сол кезде ғана еліміз көкке шарықтап, басқа елге елді танытады. Елді өсіретін де, елді төмен түсіретін де – білім. Сондықтан қолда бар амалдарды тиімді пайдана білу біздің басты мақсатымыз, – дейді мектеп басшысы Мейрамбек Мырзағалиұлы.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
24 сәуір 2023 ж. 368 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930