Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа мектеп жан жадыратсын

Жаңа мектеп жан жадыратсын

Бейсенбіде ауданда 300 орындық жаңадан салынған №276 орта мектеп пайдалануға берілді. Оның ашылу салтанатына Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.Қожаниязов, аудан әкімі М.Ергешбаев, аудан әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары, аудан ардагерлері, ардагер ұстаздар, білім саласының қызметкерлері және жергілікті тұрғындар қатысты.
Маңызды шарада сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары С.Салауатұлы облыс басшысы Қ.Көшербаевтың құттықтауын жеткізді. Сондай-ақ, облыс басшысының жаңа мектепке сыйлығы – интерактивті тақтаны салтанатты түрде табыстады. Бұдан соң оқу ғимаратының ашылу рәсімін жасап, білім ордасын аралады.
Басқосу барысында білім ордасының құрылысын жүргізген мердігер Р.Каримов мектеп директорының міндетін атқарушы М.Жұмашевқа мектептің символикалық кілтін тапсырды.
Сонымен қатар, С.Қожаниязов кең әрі жарық спорт залын тамашалап, гандболшылар командасының негізгі ойынын бастап берді. Биыл алғашқы қарлығаштарын қабылдаған білім ордасы соңғы үлгідегі заманауи жабдықтармен қамтылған. Барлық талаптарға сай жұмыс жасауға дайын ғимарат 2 қабаттан, А, Б және В блогынан тұрады. Онда оқу сыныптары, спорт залы, кітапхана, 80 орындық мәжіліс залы, 102 орындық асхана, медициналық кабинет, әкімшілік және мұғалімдер бөлмесі бар.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА

04 қыркүйек 2018 ж. 2 987 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 133

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 125

Қала тынысымен танысты

14 қазан 2025 ж. 93

Ауылдан шыққан арлан

14 қазан 2025 ж. 106

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031