Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Болашақ кілті – білімде

Болашақ кілті – білімде

Әйтеке би кентіндегі Е.Бозғұлов атын­дағы №249 мектеп-лицейде білім саласы қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі өтті. «Білім. Бағыт. Болашақ!» тақырыбындағы конференцияға аудан әкімі Мұрат Ергешбаев төрағалық етті.

Алқалы жиынға облыстық білім басқар­масы мен Назарбаев зияткерлік мектебі дербес білім беру ұйымы педагогикалық шеберлік орталығының Қызылорда облысы филиалының өкілдері, аудандық, облыстық мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары мен ардагер ұстаздар, ата-аналар кеңесінің төрағалары, білім беру ұйымдарының басшылары және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Жаңа оқу жылы қарсаңындағы дәстүрлі кеңесте аудандық білім бөлімінің басшысы Бектұр Қали білім саласындағы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндерттерді атап көрсетті. Облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының директоры Сырым Асқаров аймақтағы білім беру саласы бойынша алда тұрған міндеттер жайлы, Назарбаев зияткерлік мектебі құралдары дербес білім беру ұйымы педагогикалық шеберлік орталығының Қызылорда облысы филиалының аға менеджері Қызжібек Абдраманова жаңартылған білім беру мазмұны бойынша біліктілікті арттырудың тиімділігі туралы баяндады.
Сондай-ақ республикалық тамыз кеңесінің делегаты, №16 мектеп-лицейдің химия пәні мұғалімі Эльмира Жексембиева мен жас маман, №103 орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жанат Ержігітова сөз сөйлеп, ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
Дәстүрлі тамыз кеңесін аудан әкімі Мұрат Ергешбаев қорытындылап, білім саласына қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.
Білім саласында жоғарғы жетістікке жеткен бірқатар ұстаздарды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі мен облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен, облыс және аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.
Сонымен қатар Қ.Сәтбаев атындағы №216 орта мектептің биология пәнінің мұғалімі Қазына Сахитжан Ы.Алтынсарин медаліне, С.Сейфуллин атындағы №165 орта мектептің директоры Ләззат Ізбасқан ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төсбелгісіне ие болды.
Тамыз кеңесі аясында аудан басшысы «STEAM» – білім берудің Қазақстанда дамуы» тақырыбында инновациялық білім беру ұйымдары мен оқушылар үйі, балабақшалар ұйымдастырған техникалық шығармашылық көрмесін тамашалады.

Қазалы ауданы әкімінің
баспасөз қызметі
30 тамыз 2019 ж. 1 672 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 30

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930