Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Агрокешен: қарым қалай?

Агрокешен: қарым қалай?

Аймақ экономикасын дамытудың басым-бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығы саласы. Ал қазалылықтар агроөнеркәсіп кешенін дамытуда аянып жатқан жоқ.
Тірлік төңірегінде тер төккен диқан қауымының кетпені сайлаулы, шығыры майлаулы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек өнімділігін арттырып, ауыл шаруашылығына жаңа технологиялар мен өндіріс тәсілдерін енгізу маңызды екеніне назар аударған еді. Атқарылып жатқан бұл шаралар халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға, нақты табысының артуына ықпал етеді.
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров агроөнеркәсіп кешеніндегі өңделген өнім көлемін 70 пайызға дейін арттыруға бағытталған шаралар қолға алынғанын айтты. 2026 жылдың алты айында тағам өнімдерін өндіру 14,7 пайызға ұлғайған. Елдегі ауыл шаруашылығының нақты көлем индексі 4,4 пайызға, соның ішінде егін 7,7 пайызға, мал шаруашылығы 4,4 пайызға өскен.Сонымен қатар министр экспорт көлемі мен шетелге шығарылатын өнім түрлері де көбейіп келе жатқанын жеткізді.
Биылғы қаңтар-сәуір айларында АӨК өнімдерінің экспорты 3 миллиард долларды құрады.Бұл былтырғы сәйкес кезең көрсеткішімен (2,2 миллиард доллар) салыстырғанда 36 пайызға артық. Жыл соңына қарай экспорт көлемін 7,2 миллиард долларға дейін ұлғайту жоспарланған. Сонымен қатар Президент тапсырмасын орындау мақсатында 2030 жылға дейін ветеринарияны дамыту жөніндегі кешенді жоспар бекітілді. Оның аясында ветеринарлық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру, саланы қосымша қаржыландыру және нормативтік-құқықтық базаны жаңарту қарастырылған. Агроөнеркәсіп кешенін цифрлық тұрғыдан трансформациялау жалғасуда. «Е-АӨК» бірыңғай цифрлық платформасы базасында мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен жаңа цифрлық сервистер біріктірілуде. Болжамға сәйкес, жыл соңына дейін ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 5,9 пайызға артпақ. Тағам өнімдері өндірісін 9,5 пайызға, сусын өндірісін 10,5 пайызға ұлғайту көзделген. Саладағы негізгі капиталға 2,2 триллион теңге инвестиция салынады.Бүгінде Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамуда. Көшпелі халықтың қоныстанған орны кең алқапты отырықшы елге айналды.
Қазалы – аграрлы өлке. Әр жыл сайын қамбаға астық толып, оң нәтижеге қол жеткізіп келеміз. Мұның сыры жердің көлемді болуында. Әрі сол жерді ұтымды игеруімізде. Мемлекетте ауыл шаруашылығын дамытуға, ішкі нарықты қамтамасыз етіп, сыртқы нарыққа шығаруға қолайлы мүмкіндіктер қарастырылған.
Агроөнеркәсіптік кешен – мем­лекет­тің экономикалық тұрғыдан дамуына үлес қосатын маңызды саланың бірі. Ол ауылшаруашылық өнімін өндіруге, әрі сол өнімді тұтынушыға жеткізуге қатысатын барлық шаруашылық саланы біріктіреді. Негізгі мақсат – халықты азық-түлікпен, өнеркәсіпті ауылшаруашылық шикізаттарымен қамтамасыз ету.Ауыл шаруашылығының дамуы – тұрғындардың тұрақты табысы мен дастарқанның молшылығының кепілі. Биыл аудан дихандары 12 мың 245 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын екті.Оның ішінде күріш – 2447 гектар. Дәнді дақылдар– 2837 гектар, майлы дақылдар –196 гектар, картоп, көкініс, бақша – 2293 гектар, мал азықтық дақылдар–7119 гектар.Айта кетейік, 2025 жылы негізгі дақыл күріш 5 мың 636 гектарға егіліп, әр гектардан 42,8 центнерден өнім алынып, 24 мың 124 тонна күріш жиналған.
Президент Жолдауында көрсетілген агроөнеркәсіп кешенінде су үнемдеу технологияларын енгізу мәселесіне байланысты егін шаруашылықтарында су үнемдеу технологияларын енгізу, су тапшылығы жағдайында өнімділікті төмендетпеу мақсатында егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстары қолға алынуда.
Биыл сол жағалау алыбының 1-ГД, 2-ГД, К-3-2 коллекторлар жүйесін қайта жаңғырту мақсатында республикалық бюджеттен жұмысын бастауға 801,8 миллион теңге (жоба құны 2 млрд 589,5 млнтг) және «Нартай» каналына механикалық тазалау жұмыстарына 179,2 миллион теңге қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.
Экспорт – нарық өсуінің басты құралы. Өзге аймақтардағы қазіргі заманға сай технологияларға қол жеткізудің оңтайлы жолы. Әрі өнімді экспорттау – тиімділікті арттыру мүмкіндігіне жол ашатын бәсекелестіктің үлкен бөлігі.Аймақтағы ауыл шаруашылығы өнімін экспорттауда бәсіміз төмен емес. Мәселен, есепті кезеңде ауданнан Ресей, Грузия, Польша, Англия, Дания, Германия, Түркия, Қытай, Литва, Нидерланды елдеріне 167,2 тонна күріш, 444 тонна балық, 1 791,8 тонна қамыс, жалпы 2 403 тонна өнім экспортқа шығарылған.
Ауыл шаруашылығы – мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі мен әлеуметтік тұрақтылықтың басты кепілі. Бүгінде аграрлық сектор жай кәсіп емес, жаңа технологиялар мен инновациялар тоғысқан, елдің экспорттық әлеуетін арттыратын стратегиялық салаға айналды. Аймақ экономикасын дамытудың басым бағыттарының бірі де осы сала. Ал қазалылықтар агроөнеркәсіп кешенін дамытуда аянып жатқан жоқ. Тірлік төңірегінде тер төккен диқан қауымының кетпені сайлаулы, шығыры майлаулы. Бұйырса, дала төсінің қызу еңбектің дүбіріне айналатын күні алыс емес. Алғашқы дән себілгеннен бастап алты ай жер кеудесін сауып, бел шешпей еңбектенетін дала еңбеккерлерінің өнімі күз сайларда қамбаны мол астыққа толтырарына сенім мол.
Айнұр ӘЛИ
14 шілде 2026 ж. 51 0

Тазалық – ортақ іс

14 шілде 2026 ж. 42

Агрокешен: қарым қалай?

14 шілде 2026 ж. 52

Сапа бақылауда

14 шілде 2026 ж. 19

Жолдың жайы жанданды

14 шілде 2026 ж. 35

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031