Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл егіннен мол өнім алына ма: Министр жауап берді

Биыл егіннен мол өнім алына ма: Министр жауап берді

Фото: inbusiness.kz
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы өнімдерін ұлғайту шаралары қалай жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Биылғы 6 айда ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 3,4%-ға ұлғайып, 1,6 трлн теңгені құрады. Бұл ретте мал шаруашылығында нақты көрсеткіш индексі 103,5%-ды, өсімдік шаруашылығында нақты көрсеткіш индексі 103%-ды құрады. Жоспарланған 11,6% деңгейдегі көрсеткішке қол жеткізу егін жинау жұмыстары аяқталғаннан кейін осы жылдың екінші жартыжылдығында қамтамасыз етілетін болады", - деді министр Үкімет отырысында.

Сөзінше, биыл елімізде жалпы егіс алаңы 23,8 млн гектарды құрады.
"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, республика бойынша биыл егіс алқаптарын әртараптандыру жоспарларына қол жеткізілді. Бидай алқабы 450,3 мың гектарға қысқарды, сондай-ақ майлы дақылдар және қант қызылшасы алқаптары сәйкесінше 608 мың және 9,4 мың гектарға ұлғайтылды. Суды көп қажет ететін дақылдардың алаңы – күріш 6,9 мың гектарға, мақта 16 мың гектарға қысқарды. Биылғы егіс жұмыстарына жүргізілген сапалы дайындық жаздың қолайлы ауа-райы жағдайында егілген егіннен жақсы өнім алуға мүмкіндік береді", - деді Айдарбек Сапаров.
23 шілде 2024 ж. 286 0

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 127

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 122

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 114

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930