Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәжілісте еңбек қауіпсіздігі мәселесі қаралды

Мәжілісте еңбек қауіпсіздігі мәселесі қаралды

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және өнеркәсіптік қауіпсіздік шаралары туралы мәселе қаралды.
Мәжіліске аудан әкімі Алмасбек Есмаханов селекторлық режим арқылы қатысып, мәжілістен кейін аймақ басшысының берген тапсырмаларына сәйкес аппарат мәжілісін өткізді.
Жиынды бастамас бұрын аудан басшысы ауданда орын алған кадрлық өзгерістермен таныстырып өтті. Қазалы ауданы әкімдігі жанындағы конкурстық комиссиясының қорытындысы негізінде Әйтеке би кенті әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген Ықыласов Уәлихан Әуезханұлы – Қазалы қаласы әкімінің орынбасары болып, ал Қазалы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген Нағашыбаев Мұратбек Тұңғышбайұлы – Әйтеке би кенті әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Аудан басшысы жаңадан тағайындалған кент пен қала әкімінің орынбасарларының жұмысына сәттілік тілеп, үлкен жауапкершілікпен қызмет атқаруды тапсырды.
Жиында аудан басшысы күн тәртібіндегі мәселе бойынша еңбек қатынастары саласындағы өзекті мәселелерді көтеріп, жұмысшылардың құқықтарын қорғау, еңбек қауіпсіздігін сақтау, жазатайым оқиғалардың алдын алу және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Мәжілісте ұжымдық шарттардың жасалуы және цифрландырылуы, еңбек шарттарын бірыңғай жүйеге енгізу, өндірістегі қауіпсіздік талаптарын сақтау, жұмысшыларды міндетті сақтандыру, еңбек заңнамаларын түсіндіру жұмыстарын күшейту мәселелері кеңінен талқыланды.
Аудан әкімі коммуналдық, өндірістік және құрылыс салаларында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды, қызметкерлерді қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуді және кәсіпкерлер арасында түсіндірме жұмыстарын тұрақты жүргізуді тапсырды.
Еңбек саласындағы заң талаптарын халыққа кеңінен түсіндіру мақсатында БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы ақпараттық жұмыстарды да күшейту қажеттігін ескертті.
Мәжілісте көктемгі әскерге шақыру науқанының барысы да қаралды. Көктемгі мерзімді әскерге шақыру науқанында ауданға 93 азаматты әскерге жөнелту жоспарланса, бүгінгі күні 64 азамат әскерге жөнелтілді. Бұған байланысты аудан басшысы көрсеткіштерді әлі де өз деңгейінде орындамаған ауылдық округ әкімдеріне нақты мерзім беріп, салаға жауапты орынбасарына берілген тапсырманы орындауды үйлестіруді тапсырды.
02 маусым 2026 ж. 114 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930