Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалы ауданына жаңа прокурор тағайындалды

Қазалы ауданына жаңа прокурор тағайындалды

Аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен аудандық прокуратурадағы кадрлық өзгерістердің орын алуына байланысты арнайы мәжіліс өтті. Жиында аудан басшысы ауданда прокуратура органдарымен бірлесе атқарылған оң нәтижелі жұмыстар жайында айтып өтті.
Мұнан кейін, аудандық прокуратурадағы кадрлық өзгерістерді таныстыру үшін ауданға арнайы жұмыс сапарымен келген Қызылорда облысы прокурорының орынбасары Сарпеков Мәди Нәбиұлына берді.
Облыс прокурорының орынбасары Мәди Сарпеков Қазалы ауданының прокуроры лауазымына жаңадан тағайындалған Бекпанов Мадияр Ертарғынұлын аудан активіне таныстырды.
Жиында аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы бұған дейін Қазалы ауданының прокуроры қызметін 3 жылдан астам уақыт бойы атқарып келген Дарын Елтайұлының еңбегіне тоқталып, қызмет барысында көрсеткен жоғары кәсіби деңгейі, заңдылық пен әділдікті сақтауға қосқан зор үлесі үшін облыстың ең жоғары марапаты – «Қызылорда облысының Құрмет Грамотасы» мен облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың «Алғыс хатын» табыстады.
Мәжілісте аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпанов құттықтау сөз сөйлеп, жаңадан тағайындалған аудан прокуроры Мадияр Ертарғынұлының жұмысына сәттілік тіледі.
Бекпанов Мадияр Ертарғынұлы - 1980 жылы Арал ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 2003 жылы Қазалы ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған. Мұнан соң Қазалы ауданы прокурорының аға көмекшісі, Қызылорда облыстық прокуратурасының анықтау және тергеу заңдылығын қадағалау бойынша Басқармасының прокуроры, Қазалы ауданы прокурорының орынбасары, Қармақшы ауданы прокурорының орынбасары, Жалағаш ауданының прокуроры болып қызмет етті. 2020 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Арал ауданының прокуроры қызметін атқарып келді.
11 желтоқсан 2025 ж. 133 0

Аудан тұрғындарының назарына

11 желтоқсан 2025 ж. 193

Шәкен ауылына су келді

11 желтоқсан 2025 ж. 128

Маңызды ақпарат

11 желтоқсан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031