Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кадрлық өзгерістерге қатысты мәжіліс өтті

Кадрлық өзгерістерге қатысты мәжіліс өтті

Бүгін аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен кадрлық өзгерістерге байланысты мәжіліс өтті.

Жиында аудан басшысы алдымен 14 шілде күні өткен Әйтеке би кенті әкімінің сайлауында халықтың басым дауысымен жеңіске жеткен кандидат Әбиев Әліби Берікұлын мәжіліске қатысушыларға таныстырды. Сондай-ақ жаңадан сайланған кент әкіміне аудан орталығының көркейіп, гүлденуіне және әлеуметтік-экономикалық дамуына аянбай жұмыс жасауды тапсырды.

Мұнан соң ауданы әкімдігі жанындағы конкурстық комиссиясының қорытындысы негізінде Қазалы ауданының қоғамдық даму бөлімінің басшысы қызметіне Алиев Жәнібек Алмасұлы және ауысу тәртібі арқылы Қазалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмысы бөлімінің басшысы қызметіне Дидаров Абай Әнесұлы тағайындалғанын айтты.


Аудан басшысы жаңа қызметке тағайындалған Әйтеке би кенті әкімі мен бөлім басшыларына елге қызмет ету – абыройлы міндет екенін айтып, алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
16 шілде 2024 ж. 188 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031