Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Күймен көмкерілген кеш

Күймен көмкерілген кеш

Жуырда Қазалы қалалық Мәдениет үйі мен Қалалық кітапхананың бірлескен ұйымдастыруымен «Art уақыт» жобасы аясында қазақтың көрнекті күйшісі, дарынды композиторы Дина Нұрпейісованың туғанына 165 жыл толуына арналған «Ұлы дала күйшісі – Дина» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.
Тағылымды шараның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа Дина Нұрпейісованың өмірі мен шығармашылық жолын кеңінен таныстыру, күй өнерінің құндылығын ұғындыру. Кеш барысында күйшінің өмірі мен өнер жолы таныстырылып, күйлері орындалып, көрерменге рухани әсер сыйлады.
Кеш аясында «Күй анасы – Дина Нұрпейісова» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, күйшінің шығармашылығына қатысты әдебиеттер көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар «Өнерімен өрнек салған Дина» тақырыбында дайындалған қысқаша бейнебаян көрсетіліп, көрермендерге күйшінің тағдырлы өмірі мен өнердегі қолтаңбасы таныстырылды.
Іс-шара Қалалық мәдениет үйі өнерпаздары ұсынған мазмұнды концерттік бағдарламамен қорытындыланды.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
24 қаңтар 2026 ж. 314 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930