Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тарих пен әдебиеттің алтын қазынасы

Тарих пен әдебиеттің алтын қазынасы

Қазалы аграрлы-техникалық кол­леджінде қалалық кітапхананың ұйым­дастыруымен жазушы, Қазақстан мем­лекеттік сыйлығының лауреаты, Ұлы Отан соғысының ардагері Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл толуына орай «Көшпенділер» трилогиясы – ұлттық тарих пен әдебиеттің алтын қазынасы» атты оқырмандар конференциясы өткізілді.
І.Есенберлиннің «Көшпенділер» романын тереңірек зерттеу, оның тарихи маңызын, көркемдік ерекшеліктерін және қазақ әдебиетіндегі орны мен рөлін талқылау. Сонымен қатар «Көшпенділер» романын қазіргі қоғам мен жастарға таныстыру мақсатында өткен конференцияға кітапхана оқырмандары Қ.Саниязов, Қ.Нұртаза қалалық мәдениет ұйінің қызметкерлері А.Мамбетов, Е.Айдаров, қалалық жастар ресурстық орталығының инспекторы Д.Жамет, Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушылары Ж.Ысмағұл, Ж.Шыраева, аудандық орталық кітапхананың кітапханашылары П.Ниязымбетова, Г.Махамашова №17 Ғ.Мұратбаев атындағы мектептің ұс­таздары мен колледж студенттерімен оқытушылары қатысып, «Көшпенділер» трилогиясының тарихи маңызы мен қазақ әдебиетінде алатын орны туралы таратып айтты.
Шарада кітапханашылар Ж.Ерімбе­това Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығына арналған «Аты әлемге мәшһүр жазушы» атты баяндама оқыса, Ж.Абдирова «Тарих жанрының шебері» атты кітап көрмесімен таныс­тырып, Қ.Садирова «Қазақтың алмас қылышы» атты слайд жасап көпшілік назарына ұсынылды.
Кітапхана меңгерушісі Ж.Сейталиева, «ұлтымыздың тарихын тереңінен қоз­ғап жазған І.Есенберлиннің «Көш­пен­ділер» трилогиясы тарихи аңыз қаһармандарының портретінен бастап көркем суреттеліп, аса шеберлікпен жазылған. Тарихи оқиғаларды осылай жазба әдебиеттің қажетіне жарату І.Есенберлин сияқты ұлы қаламгердің ғана қаламына тән» – деп қорытындылап, барша қатысушыларға алғыс білдірді.

Ұлболсын ЕРБОЛҚЫЗЫ
28 қаңтар 2025 ж. 360 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 115

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 114

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 111

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 98

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930