Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Кітап Аmanat": оқырмандар конференциясы өтті

"Кітап Аmanat": оқырмандар конференциясы өтті

Бүгін «Қазалы» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Кітап AMANAT» партиялық жобасы аясында даңқты жазушы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл толуына орай «Көшпенділер трилогиясы – ұлттық тарих пен әдебиеттің алтын қазынасы» атты оқырмандар конференциясы өтті.

Жазушының «Көшпенділер» романының тарихи маңызын, көркемдік ерекшеліктерін және қазақ әдебиетіндегі орны мен рөлін талқылауға бағытталған шараға кітапхана оқырмандары мен кітапханашылар, оқытушылар мен студенттер қатысты.

Әдеби шараға қатысушылар романның тарихи маңыздылығын, қазақ халқының мәдениеті мен тарихын тереңнен суреттегендігіне тоқталды. Олар жазушының шығармаларындағы қазақ жерінің кеңдігі, халықтың тұрмыс-тіршілігі, ерлік пен батырлық, сондай-ақ ұлттық рухты сақтау мен дамыту жолындағы күрестер жайында айтты.

Шарада кітапханашылар І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығына арналған «Аты әлемге мәшһүр жазушы» атты баяндама оқып, «Тарих жанрының шебері» атты кітап көрмесімен таныстырды. Сондай-ақ «Қазақтың алмас қылышы» атты көрнекі таныстырылымды көпшілік назарына ұсынды.

Конференция соңында Қазалы қалалық кітапхана меңгерушісі Жанар Сейталиева: «Көшпенділер» трилогиясы тарихи аңыз қаһармандарының портретінен бастап көркем суреттеліп, аса шеберлікпен жазылған. Тарихи оқиғаларды осылай жазба әдебиеттің қажетіне жарату І.Есенберлин сияқты ұлы қаламгердің ғана қаламына тән», - деп жиынды қорытындылады.

#AMANAT
22 қаңтар 2025 ж. 108 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30