Аудан әкімі Әйтеке би кентіндегі бірқатар нысандарды аралады
Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Әйтеке би кентіндегі бірқатар нысандарды аралап, мекемелердің қазіргі жағдайымен танысты.Алдымен аудандық төтенше жағдайлар бөліміне барған аудан басшысы сала қызметкерлерімен кездесіп, бөлімнің материалдық-техникалық базасы мен мамандардың жұмыс барысын көрді. Аралау барысында бөлім бастығы мен қызметкерлерге өрт қауіпсіздігі, жылыту маусымы кезіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу, халыққа ақпараттық түсіндіру жұмыстарының маңыздылығы жайында атап өтті. Қауіпсіздік саласының стратегиялық маңызын атап өткен аудан әкімі алдағы уақытта тиісінше қажетті қолдаулар көрсетілетінін жеткізді.
Әйтеке би кентіндегі төтенше жағдайлар бөліміне қарасты №9 өрт сөндіру бөлімінде қазіргі таңда 35 қызметкер жұмыс жасайды. Бөлім 3 негізгі өрт сөндіру техникасымен қамтылған.
Мұнан соң Алмасбек Әбілқасымұлы Жетес би дәрігерлік амбулаторияның жұмысымен танысты. Өткен жылы амбулторияға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Амбултория аусымына 150 келушіге дейін қабылдап, күндізгі стационарда 18 адамға дәрігерлік көмек көрсетеді. Аудан басшысы мекеме ұжымымен тілдесіп, тұрғындарға медициналық қызмет көрсетудің сапасы, материалдық база, дәрі-дәрмекпен қамту мәселелері бойынша пікір алмасты.
Сала қызметкерлерінің жауапкершілігі жоғары екенін атап өтіп, халықтың өмірі мен денсаулығы – басты назарда екенін жеткізді. Жұмыс сапары барысында көтерілген ұсыныс-пікірлер назарға алынып, тиісті шаралар қабылданатынын айтты.
Аудан басшысы дәрігерлік амбулаториядан кейін аудандық көп бейінді орталық аурухана жанындағы қосымша құрылыс 42 төсектік инсульт және кардиология орталығын көрді. Бүгінде денсаулық нысанның құрылыс жұмыстары 90 пайызға аяқталған. Желтоқсан айында орталық пайдалануға берілмек. Аудан әкімі мердігер мекеме «СМП Кызылорда» ЖШС-нің жауапты өкіліне құрылыс жұмыстарындағы бірқатар кемшіліктерді атап көрсетіп, жұмысты сапалы етіп аяқтауды ескертті. Жаңа нысанның халыққа ешқандай кемшіліксіз пайдалануға берілу керектігін айтқан аудан әкімі, аудандық аурухананың бас дәрігері мен аудандық құрылыс бөлімінің басш














