Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі бірқатар нысандарды аралады

Аудан әкімі бірқатар нысандарды аралады

Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, жұмысымен танысты. Сала бойынша атқарылған, алдағы уақытта жүргізілетін жұмыстар жөнінде бірқатар мәселелер талқыланды.
Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен мемлекетке қайтарылған активтер қаражаты есебінен Қазалы ауданында 5 жоба жүзеге асуда. Соның бірі аудандық көп бейінді орталық аурухана жанынан бой көтеріп жатқан 42 төсектік инсульт және кардиология орталығының құрылысы. Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Әйтеке би кентіндегі құрылыс нысандарын аралау барысында инсульт және кардиология орталығының құрылысымен танысты.
Медициналық нысан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан нысанның құрылысымен мердігер мекеме «СМП Кызылорда» ЖШС-і айналысуда. Денсаулық нысанының құрылысы жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға берілмек. Аудан басшысы мердігер мекеменің жауапты өкіліне құрылыс жұмыстарының ең бастысы сапасына мән беріп, мерзімінде аяқтауды тапсырды. Жоба бойынша орталық пайдалануға берілгеннен кейін аудан тұрғындары үшін маңызды мәселе болған МРТ құрылғысы орнатылып, инсульт және жүрек-қан тамыр ауруларына қатысты диагностика мен емдеу қызметтері қолжетімді болмақ.
Сондай-ақ, тиісті медициналық мамандардың біліктілігін арттыру жұмыстары қолға алынады. Аудан басшысы одан соң Әйтеке би кентіндегі мәдени-демалыс кешен ішінен салынып жатқан спорт кешенінің құрылыс жұмыстарын көрді. Қазіргі таңда спорт кешеннің екінші қабатының кірпішін қалау жұмыстары жүргізіліп, жалпы құрылыс жұмыстарының 40 пайызы аяқталған. Нысан жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға беру жоспарлануда. Алмасбек Әбілқасымұлы спорт кешенінің құрылыс жұмыстарымен айналысып жатқан мердігер мекеме «Болашақ» ЖШС-нің басшысы Панабек Алиевке құрылыс жұмыстарын жеделдету керегін ескертті.
Әйтеке би кентіндегі бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, мекеме-кәсіпорындардың жұмысымен танысқан аудан басшысы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен Мансап, Отбасын қолдау орталықтарына барды. Мекемелердің жай-күйімен танысып, бөлім басшысы мен орталықтардың директорларына ғимараттардың ішкі және сыртқы санитарлық тазалық жұмыстарын қолға алып, халыққа сапалы қызмет көрсету бағытында бірқатар нақты тапсырмалар берді. Одан соң Әйтеке би кенттік Мәдениет үйіне барып, мәдени нысанды көрді. Алдағы уақытта ғимараттың бірқатар аумағына жөндеу жұмысын жүргізіп, ондағы бос тұрған кабинеттерді тиімді пайдалану жөнінде салаға жауапты орынбасары мен мәдениет үйінің директорына тапсырмалар жүктеді.
Аудан әкімі Жалаңтөс Баһадүр атындағы орталық стадион мен аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі ғимаратына да барды. Бөлім басшысы Орысбек Жәмшейітовке орталық стадионға күрделі жөндеу жұмысын жүргізу мақсатында жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар спорт бөлімі ғимараты мен стадион аумағының санитарлық тазалығына қатысты бірқатар кемшіліктерді айтып, тезірек қалпына келтіруді жүктеді.
Айнұр ӘЛИ
11 қазан 2025 ж. 30 0

Әлімжеттіктің әлегі

11 қазан 2025 ж. 28

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031