Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жедел басқару жүйесінде жай қалай?

Жедел басқару жүйесінде жай қалай?

Облыстың барлық ауданында полиция бөлімдерінің Жедел басқару орталықтары іске қосылған болатын. Кез келген қылмыстың ізін суытпай ашуға септігін тигізетін бұл жоба Ішкі істер министрлігінің бастамасымен және аймақ басшысының қолдауымен жүзеге асуда. Аудандағы Жедел басқару орталығының қазіргі жайын аудан әкімі барып көрді.
Жақында аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Әйтеке би кентіндегі аудандық білім бөлімі мен полиция бөлімі және Қазалы аудандық көп бейінді ауруханасына қарасты «Болат Жолы» дәрігерлік амбулаториясына барып, мекемелердің жұмысымен танысты. Алдымен аудан басшысы аудандық білім бөліміне барып, бөлімнің жұмысы мен ғимараттың жай-күйін көрді. Аралау барысында мекеме ауласының санитарлық тазалығына қатысты бөлім басшысына бірқатар тапсырма жүктеді.
Одан соң аудан басшысы аудандық полиция бөлімі мен ондағы Жедел басқару орталығының жұмысын көрді. Өткен жылы Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында аудандық полиция бөлімінде кіші жедел басқару орталығы ашылған еді. Облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, ауданда қоғамдық орындарда тәртіпті бақылайтын 79 бейнекамера, жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды автоматты түрде анықтайтын 7 стационарлық жылдамдық өлшегіш құрылғысы орнатылды. Жедел басқару орталығы арқылы аталған камералардың көмегімен жыл басынан бері ауданда 5 қылмыс ашылса, 3314 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған.
Жедел басқару орталығы құқық бұзушылықтардың алдын алудан бөлек оқыс жағдайға ұшыраған азаматтарға дер кезінде көмек көрсетуге септігін тигізіп, жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға мүмкіндік береді. Алмасбек Әбілқасымұлы құқықбұзушылықтарды анықтау бағытындағы мұндай жұмыстарды әлде де күшейтіп, алдағы уақытта камералар санын көбейтуге жұмыс жасау керегін айтты. Одан соң аудан әкімі Қазалы аудандық көпбейінді ауруханасына қарасты «Болат Жолы» дәрігерлік амбулаториясына барып, ондағы жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын көрді. Аудандық аурухананың басшысына жөндеу жұмыстарының сапасын ұдайы бақылауда ұстап, уақыты аяқтауды тапсырды. Амбулаторияның жөндеу жұмыстарымен «Гор Сервис Проект» ЖШС айналысуда.
А.ӘЛИ
18 қазан 2025 ж. 221 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 129

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 116

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 123

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031