Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Әйтеке би кентіндегі әлеуметтік нысандарды аралады

Аудан әкімі Әйтеке би кентіндегі әлеуметтік нысандарды аралады

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Әйтеке би кентіндегі бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, мекеме-кәсіпорындардың жұмысымен танысты.
Аудан басшысы алдымен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен Мансап, Отбасын қолдау орталықтарына барды. Мекемелердің жай-күйімен танысқан Алмасбек Әбілқасымұлы бөлім басшысы мен орталықтардың директорларына ғимараттардың ішкі және сыртқы санитарлық тазалық жұмыстарын қолға алып, халыққа сапалы қызмет көрсету бағытында бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Мұнан кейін Әйтеке би кенттік Мәдениет үйіне барып, мәдени нысанды аралады. Алдағы уақытта ғимараттың бірқатар аумақтарына жөндеу жұмыстарын жүргізіп, ондағы бос тұрған кабинеттерді тиімді жағынан пайдалану жөнінде салаға жауапты орынбасары мен мәдениет үйінің директорына тапсырмалар жүктеді.
Аудан әкімі Әйтеке би кентіндегі әлеуметтік нысандарды аралау барысында Жалаңтөс Баһадүр атындағы орталық стадион мен аудандық дене тәрбиесі,спорт және туризм бөлімі ғимаратында көрді. Бөлім басшысы Орысбек Жәмшейітовке орталық стадионға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу керектігін тапсырды. Сонымен қатар спорт бөлімі ғимараты мен стадион аумағының санитарлық тазалығына қатысты бірқатар кемшіліктерді айтып, тезірек қалпына келтіруді тапсырды.
07 қазан 2025 ж. 125 0

Жол сапасы бақылауда

07 қазан 2025 ж. 113

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031