Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Төсінде Сырдың қалқиды аппақ маржаны…

Төсінде Сырдың қалқиды аппақ маржаны…

Аймақ экономикасын дамытудың басым-бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығы саласы. Ал аймақтағы еңбеккерлер агробизнес пен агроөнеркәсіп кешенін дамытуда аянбақ емес. Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу, сапалы, қолжетімді және бәсекеге қабілетті азық-түлік өнімін өндіру бүгінгі күні агроөнеркәсіптік кешеннің басты міндеттерінің бірі.
Ерте көктемнен қамбаға астық толтыру үшін қамданып, ала-жаздай маңдайы күнге күйіп, табаны жерге тілініп, күз сайларда мол астықты төкпей-шашпай жинап алу үшін қажырлы күш жұмсайтын еңбеккерлердің еңбегі ерен. Шаруашылық саласындағы келер қиындықты көзі көріп, күрегін сайламағандар біле қоймас. Әр астықты, әр өнімді баласындай баптап, бітік шығуы үшін барын салатын диқан қауымы қашанда құрметке лайық. Агрономдар, мал өсірушілер, шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, сондай-ақ өнімдерді өндірумен және қайта өңдеумен байланысты аралас салалардың қызметкерлері тынымсыз тірліктің басында жүр. Осы мамандардың еңбегінің арқасында күн сайын біздің дастарқанымыз жаңа піскен нанға, ет, сүт, май, қаймақ, көкөніс пен жеміс-жидекке толы. Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігі отандық салада өндірілетін өнімге де байланысты екенін ұмытпаған жөн.
Қазір елде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесін 70 пайызға дейін жеткізу мақсаты қойылған. Соның нәтижесінде азық-түлік өнімдерін өндіру көлемі ұлғайды. Мәселен биыл 2,4 триллион теңгенің өнімі өндірілген.
Қызылорда облысы өткен айда егін орағын аяқтады. Алқаптарда тер төгіп, мал басын көбейткен еңбеккерлерге құрмет көрсетілді. Биылғы күзгі қамба астыққа толып, берекеміз артты. 189 600 гектар жерге егін егілді, оның 80 900 гектары күріш дақылы. Әр гектардан 58,1 центнерден өнім алынып, 470 мың тоннаға жуық астық жиналды.
Ал Қазалы ауданының ауыл шаруашылығы саласы дамудың даңғыл жолында. Биылғы жылдың есепті кезеңінде ауданда 24,9 миллиард теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілсе, оның 22,2 миллиард теңгесі өңдеу өнеркәсібінің үлесінде. Биыл дала еңбеккерлерімен 17 мың 445 гектар жерге егін егілді. Оның ішінде 5636 гектарға күріш дақылы егілді. Әр гектардан 38,1 центнерден өнім алынып, 21 473 тоннаға жуық астық жиналды. Осы жұмыстардың нәтижесінде аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қатысуымен өткен облыстық «Алтын күз – 2025» салтанатты шарасында Қазалы ауданы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласы бойынша «Озат аудан» атанды.
Аграрлық сектор ел экономикасында ойып тұрып орын алады. Ауыл шаруашылығы өндірісінің негізін егіншілік пен мал шаруашылығы құрайды. Қазақстан ең алдымен қатты сұрыпты бидай өсірумен танымал. Дәнді дақылдардан бөлек, елде мал азығы және техникалық дақылдар – күнбағыс, зығыр, мақта өсіріледі, сондай-ақ бақша және жеміс өсіру шаруашылығы дамып келеді.
Иә, саланың өсіп-өркендеуі маңызды дүние. Мұнда кезігетін өзекті мәселелер, әсіресе су тапшылығынан туындаған жағдайлар Мемлекет басшысы мен Үкіметтің назарынан тыс қалған емес. Күрделі вегетациялық кезеңде қабылданған нақты шаралардың арқасында аймақта егілген егіс сумен толық қамтамасыз етілді.
Қазақстанда әр жылдың қараша айының үшінші жексенбісінде Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні атап өтіледі. Бұл кәсіби мереке 1988 жылдан бастау алады. Сол жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығымен қарашаның үшінші жексенбісі ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні болып жарияланған. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан бұл дәстүрді сақтап, 1998 жылы мереке күнін заң жүзінде бекітті.
Бір қызығы мұндай мереке басқа елдерде де бар екен. Мәселен, Беларусьта ол АПК ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні ретінде белгілі. Ал Украинада ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні ретінде аталып өтеді.

Айнұр ӘЛИ
18 қараша 2025 ж. 35 0

Қараша – қыстың есігі

18 қараша 2025 ж. 31

Гүл өсіру де өнер

18 қараша 2025 ж. 29

Көгершіндер көрмесі

18 қараша 2025 ж. 28

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930