Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда 38 ауыл шаруашылығы кооперативі бар

Қазалыда 38 ауыл шаруашылығы кооперативі бар

Қазалы ауданы - ауыл шаруашылығына негізделген аймақ. Биыл ауданда 9,3 млрд. теңгенің ауылшаруашылығы өнімі өндірілді. Жыл ішінде салаға 135 млн. теңгенің инвестициясы салынды.
Ауылдық округтерде 38 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылған. Кооперативтердің 27-і мал шаруашылығы, 9-ы егін шаруашылығы, 1-і мал шаруашылығы мен мал өнімдерін өндіру және 1-і көкөніс өнімдерін өңдеумен айналысады.
Соңғы екі жылда кооперативтер «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 467 млн. теңге, өңірлік инвестициялық орталықтан 32 млн. теңге қаржы алып, мал бордақылау жұмыстарын жүргізуде.
Биыл аудан орталығынан құрылған «Бахча» кооперативі Байқоңыр қаласы әкімшілігімен меморандумға отырып, Байқоңыр қаласынан 7 сауда нүктесін ашып, бақша өнімдерін өткізді.
Келер жылдың индикативті жоспарына 9 кооператив құны 117 млн. теңге болатын 9 дана ауылшаруашылығы техникасы мен құрал-жабдықтарын алуды жоспарлап отыр.
Осы жылы 17 000 гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдары орналастырылса, егілген 6700 гектар күріштің әр гектарынан 45 центнерден өнім жиналды. Нәтижесінде ел қамбасына 30 мың тоннадан астам астық құйылды.
«Сыр Маржаны» ЖШС Иран кәсіпкерлерімен меморандумға отырып, сұранысы жоғары «ТоремХошеми» сортты күрішін келер жылы 150 гектар жерге ұлғайтып егуді жоспарлап отыр.
Машина-трактор паркі құны 281 млн. теңгенің 28 дана ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарымен толықты.
Ауданда малдың барлық түрінде өсім бар. Қазіргі таңда ауданда 36 115 бас мүйізді ірі қара, 61 869 бас қой, 46 475 бас ешкі, 27 435 бас жылқы, 9 834 бас түйе және 5 804 бас құс бар. Негізінен, аудан бойынша барлық мал басының 3,1 пайызы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, 29,1 пайызы шаруа қожалықтардың, 67,6 пайызы жеке жұртшылықтың үлесінде.
«Құлан» бағдарламасы 211,3, "Сыбаға» бағдарламасы 61,8 пайызға орындалды. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша шаруа қожалықтары құжаттарын тапсырып, қаржыландыруды күтуде.
Бүгінгі күнге дейін 4375,3 тонна ет, 12564 тонна сүт өндірілген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстарғанда 102 пайызға артық.
05 желтоқсан 2017 ж. 3 868 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930