Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық фермерлер биыл 114,7 млрд теңгеге мемлекеттік қолдау алды

Қазақстандық фермерлер биыл 114,7 млрд теңгеге мемлекеттік қолдау алды

© Photo ашық дереккөзден
Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау аясында ауыл шаруашылығы министрлігі 14 бағыт бойынша шаруаларды мемлекеттік қолдау шараларын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде.
Қазақстанда 270 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер тіркелген, олардың 18 мыңнан астамы ірі заңды тұлғалар, қалғандары шағын және орта шаруа қожалықтары.
Бүгінгі таңда мемлекеттік субсидиялау ақпараттық жүйесінде 90 мың белсенді пайдаланушы тіркелген.
"Мемлекеттік жүйенің іске қосылуы шаруаларды мемлекеттік қолдау шараларымен қамтуды 19%-дан 32,2%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Шағын және орта шаруа қожалықтары арасында мемлекеттік қолдау алушылардың саны артып, мақұлданған өтініштердің 25 пайызы ғана ірі заңды тұлғалардан келеді", - делінген министрлік таратқан ақпаратта.
Жүйе сонымен қатар астықты сақтау, жинау және кептіру үшін арзандатылған дизель отынын үлестіру қызметін ұсынады. Дизель отынының қалдықтарын бөлу, жылжыту және есепке алудың барлық процестері автоматтандырылған.
Бүгінгі таңда барлық өңірлерден 45 590 өтінім беріліп, 114,7 млрд теңгеге 20 739 өтінім мақұлданды. Қалған өтініштерді облыстық ауыл шаруашылығы басқармалары қарауда.
Бұл көрсеткіштер ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді ұлғайтуға және сапасын арттыруға көмектесетін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің мемлекеттік қолдау алу үдерісіне белсенді түрде қатысқанын көрсетеді.
23 маусым 2024 ж. 303 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 42

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 128

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 121

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031