Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жапония Қазақстан компаниясына санкция енгізді

Жапония Қазақстан компаниясына санкция енгізді

Фото: iStock
Жапония Украинадағы соғысқа байланысты Ресейге қарсы қосымша санкциялар енгізуді мақұлдады. Бұл шектеулер Қазақстанның бір ұйымына да әсер етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Жапония министрлер кабинетінің отырысында белгілі болды. Экспортқа тыйым салынған тауарлар тізіміне кран қозғалтқыштарының бөлшектері мен басқа да арнайы жабдықтарға арналған бөлшектерді, сондай-ақ шағын мотоциклдерді қосатын 335 позиция енгізілді. Бұл тыйым Ресейдің өнеркәсіптік әлеуетін күшейтуі мүмкін.

Сонымен қатар химиялық қару жасау үшін пайдаланылуы мүмкін капсаицин сынды химиялық заттар да тыйым салынған заттар қатарына енгізілді. Бұл тауарлардың экспортына қойылған шектеу 23 қаңтарда күшіне енеді.

Үкімет шешімінде санкцияларды айналып өтуде Ресейге көмектеседі деп күдікке ілінген алты елдегі 31 ұйымға экспортқа тыйым салу да қарастырылған. Бұл елдер қатарында Қазақстан, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ), Қытай, Қырғызстан, Таиланд және Түркия бар. Санкциялар енгізілген ұйымдардың атаулары есепте көрсетілмеген. Осыған байланысты Қазақстанның Индустрия және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметіне қосымша ақпарат алу үшін сұрау салынды.

Сонымен бірге, Ресейдің 11 жеке тұлғасы, 29 ұйымы және 3 банкі активтерді бұғаттау тізіміне енгізілді. Бұған қоса, ресейлік емес бір жеке тұлғаның және бір банктің активтері бұғатталды.
10 қаңтар 2025 ж. 401 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031