Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ-тың Ресейге қарсы жаңа санкциясы қашан күшіне енетіні белгілі болды

АҚШ-тың Ресейге қарсы жаңа санкциясы қашан күшіне енетіні белгілі болды

  Ұлыбританияда АҚШ-тың Ресей экс-тыңшысы Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлияның улануына байланысты Ресейге салған жаңа санкциялары 27 тамызда - Федералдық реестр сайтында жарияланған уақыттан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
 Бұл туралы ТАСС және РИА "Новости" агенттіктері АҚШ Мемлекеттік департаментіне сілтеме жасап мәлім етті. Бұған дейін санкциялар 22 тамызда күшіне енеді деп хабарланған.
 "Химиялық және биологиялық қаруларды бақылау туралы заңда көрсетілген санкция туралы ескерту мерзімі 22 тамызда аяқталған. Федералдық реестерге санкцияны күшіне ендіру туралы ескертілді. Жаңа санкциялар 27 тамызда күшіне енеді деп жоспарланған", — деді мемлекеттік департамент өкілі.
  АҚШ Мемлекеттік департаменті 8 тамызда жариялаған санкция бойынша, Ресейге азаматтық және әскери мақсатта бірдей қолданылатын өнімдер мен АҚШ ұлттық қауіпсіздігі саласымен байланысты тауар және технологияны экспорттауға тыйым салынады. Бұған қоса, Ресейге мұнай-газ саласына қатысы бар электроника, технология мен қосалқы құрылғылар жеткізуге де шектеу қойылады.
Мәскеу химиялық және биологиялық қару қолданбауға кепіл бермеген жағдайда, санкцияның екінші кезеңі бірнеше айдан соң күшіне енеді. Ол кезде "Аэрофлот" компаниясы ұшақтарының АҚШ-қа ұшуына тыйым салынып, екіжақты сауда-саттық көлемі азайтылмақ.
Вашингтон жариялаған санкцияларға байланысты рубль құны қатты түсіп кетті.

Baq.kz
25 тамыз 2018 ж. 1 018 0

Қара шаңның қасіреті

17 қаңтар 2025 ж. 59

Есірткі туралы ертегі

17 қаңтар 2025 ж. 59

Сиқырлы гүлдің арбауы

16 қаңтар 2025 ж. 102

Есірткі туралы ертегі

16 қаңтар 2025 ж. 118

Адалдық

16 қаңтар 2025 ж. 104

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031