Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жапония Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізді

Жапония Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізді

Жапония Украинадағы жағдайға байланысты Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде айтылған. Осылайша, Жапония үкіметі тағы 25 ресейлік жеке тұлғаның активтерін бұғаттап, 81 ресейлік ұйымға экспорттауға тыйым салған.
Ведомство мәліметінше, санкциялар тізіміне: Миасс автомобиль зауыты, "Вымпел" кеме жасау зауыты, Амур кеме жасау зауыты, "Байкал Электроникс" электроника өндірушісі, "Стрела" өндірістік кешені, "Звезда" машина жасау зауыты және т.б. кірген.
Бұған қоса, премьер-министр Фумио Кисида Жапония Ресейді саудадағы ең қолайлы мемлекет мәртебесінен айыру және цифрлық активтер көмегімен қаржылық санкцияларды айналып өтуге жол бермеу үшін шаралар қабылдайтынын айтты.
Бұған дейін Жапония ресейліктер капиталын бұғаттап, Ресей азаматтарына виза беруге тыйым салған болатын. Оның үстіне, ел билігі Беларусь үкіметінің жоғары лауазымды шенеуніктеріне қарсы санкция салуды қарастырып жатыр.
25 наурыз 2022 ж. 775 0

Қазақстанда күн күрт суытады

08 желтоқсан 2025 ж. 132

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031