Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Негізгі өзгерістер қандай?

Негізгі өзгерістер қандай?

Президенттің тапсырмасы бойынша мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру шеңберінде елімізде 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген "Мемлекеттік сатып алу туралы" жаңа Заң әзірленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, құжат тендер өткізу рәсімдерін оңтайландыруға, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, сондай-ақ отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған.
Атап айтқанда, өзгерістер келесілерге әсер етті:
конкурс өткізу мерзімі қысқартылды (конкурстық құжаттаманы талқылау 5 жұмыс күнінен 2 жұмыс күніне дейін; өтінімдерді қабылдау 15 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне дейін; өтінімдерді қарау және қорытындылау 10 жұмыс күнінен 3 жұмыс күніне дейін);
құрылысқа байланысты жұмыс бойынша қоғамдық мониторинг енгізілуде. Жұмысты орындау кестелерін, шарттардың орындалуы туралы есептерді жалпыға қолжетімді ету, шарттардың орындалуын бақылауға жұртшылықты тарту жоспарлануда;
сатып алу нәтижелеріне шағымданудың жаңа тәртібі іске асырылуда. Сатып алуды жедел жүргізу және рәсімдердің кешіктірілуін болдырмау мақсатында шағымдарды сатып алуды ұйымдастырушының өзі қарайтын болады.
аз мөлшердегі сатып алулар бойынша 100 АЕК-ке дейінгі тауарларды, 500 АЕК-ке дейінгі жұмыстар мен қызметтерді бір көзден алу құқығы енгізілді. Ауылдық әкімдіктер үшін бір көзден сатып алудың шекті мөлшері 3 000 АЕК-тен 4 000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мақсатында осы санаттағы субъектілерден құны 50 000 АЕК-тен аспайтын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың басым құқығы белгіленді;
ішкі нарықты қолдау мақсатында ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу арқылы веб-порталда отандық өндіріс тауарларын басымдықпен алу бойынша жұмыс жалғасады;
бәсекелестікті дамыту және бизнесті қорғау мақсатында мемлекеттік мекемелер және квазимемлекеттік сектор субъектілері саналатын өнім берушілердің өтінімдерін жеке кәсіпкерлік субъектілері саналатын өнім берушілерден кемінде екі өтінім болған жағдайда веб-портал автоматты түрде қабылдамайды;
бағалық емес критерийлерді дамыту және жергілікті жеткізушілерді қолдау мақсатында аумақтық белгі (1%-дан 2%-ға дейін) және теріс мәндер (0,1%-дан 0,2%-ға дейін) түріндегі шартты жеңілдіктерді есептеу өзгертілді.
10 қаңтар 2025 ж. 92 0

Жастар есірткіге қарсы

22 қаңтар 2025 ж. 108

Қараңғы жолдан аулақ бол

22 қаңтар 2025 ж. 104

Ерлікке тағзым

21 қаңтар 2025 ж. 74

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031