1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алу бойынша жаңа ережелер күшіне енеді
Көрнекі суретБиыл мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың жаңа қағидалары бекітілді. Ол 1 қаңтардан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Үкіметтің баспасөз қызметі таратқандай, 2024 жылғы 1 шілдедегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға сәйкес, Қағидаларда жұмыс тәжірибесі мемлекеттік сатып алу аясында орындалған шарттар бойынша және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтері бар басқа да шарттар бойынша есепке алынады.

“Тапсырысты орындаушы қосалқы мердігерлер атқаратын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс. Заңнамалық өзгерістер конкурсты өткізу мерзімдері мен өтінімдерді беру рәсімдерін қамтиды. Өтінім беру мерзімі 15 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды” делінеген хабарламада.
Сондай-ақ биылғы жылдың 11 айында отандық тауар өндірушілермен жасалған шарттардың сомасы 34,4%-ға өсіп, 372,9 млрд теңгені құраған.