Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Дипломмен ауылға» бағдарламасы мемлекеттік қызметшілерге де таратылады

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы мемлекеттік қызметшілерге де таратылады

Енді «Дипломмен ауылға» бағдарламасына кент және ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері де қатыса алады.
Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрман Талқанбаев брифингте мәлімдеді.
2020 жылғы 3 шілдеде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданып, 1 кодекс пен 5 заңға өзгерістер енгізілген.
Енгізілген өзгерістерге сәйкес, кент және ауылдық округ әкімі аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне «Дипломмен ауылға» бағдарламасының игілігін көру мүмкіндігі жасалып отыр.
Тағы бір жаңа өзгеріс «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резерві жойылады.
«Басты өзгерістердің бірі мемлекеттік қызметке кіру үшін конкурстық рәсімдер оңтайландырылды. Атап айтқанда, конкурстық іріктеу 3 кезеңнен 2 кезеңге қысқартылды. Яғни барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс пен жалпы конкурс біріктірілді», - деді Н.Талқанбаев.
Осы кезге дейін конкурстардың үш түрін өткізу бос орындарды толтыру үшін көп уақытты талап ететін. Бос лауазымдарға орналасу конкурстарының барлық кезеңдерін өткізу үшін 50 жұмыс күніне дейін созылатын, ал қазіргі уақытта бұл рәсім 15 жұмыс күніне дейін қысқартылған.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі
13 тамыз 2020 ж. 807 0

Әр түйірінде шипа бар

17 қаңтар 2026 ж. 153

Тағылымға толы жүздесу

17 қаңтар 2026 ж. 171

Тәртіп – тәрбие бастауы

17 қаңтар 2026 ж. 169

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031