Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Кедергісіз келешек»: партия алаңында мүмкіндігі шектеулі жандардың ұсыныстары тыңдалды

«Кедергісіз келешек»: партия алаңында мүмкіндігі шектеулі жандардың ұсыныстары тыңдалды

Бүгін аудандық партия филиалының мәжіліс залында «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы шеңберінде мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесу өтті. Жиынды ашқан аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеуімбетов кездесудің негізгі мақсатына тоқталып, жиынға қатысушы азаматтарға сөз кезегін ұсынды.
Өз кезегінде сөз алған мүмкіндігі шектеулі жандар оңалту орталықтарына бару үшін квота бөлу, ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту, мәдени іс-шараларды ұйымдастыру бойынша мәселелерді көтерді. Сондай-ақ жиында аудандық мәслихат депутаты Есет Табынбаев сөз алып, бірқатар ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша аудан басшысының орынбасары Дәурен Оңғарбайұлы ұсыныстар шеңберінде жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеп, аудан көлемінде мүгедектігі бар адамдарға жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жалғаса беретіндігін атап өтті.
Айта кетейік, жиынға аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Қайрат Әбубәкірұлы, аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры, «Жастар рухы» ЖҚ аудандық филиалының жетекшісі Нұрбек Ақпанбетов және тиісті сала мамандары қатысты.
#AMANAT
17 тамыз 2023 ж. 470 0

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 124

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 121

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 113

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 116

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930