Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аймақтық қоғамдық кеңес төрағалары партияластармен кездесті

Аймақтық қоғамдық кеңес төрағалары партияластармен кездесті

Бүгін аудандық партия филиалының мәжіліс залында аймақтық қоғамдық кеңес төрағаларымен кездесу жиыны өтті.
Жиынды ашқан аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев ең алдымен ауданға арнайы келген облыстық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркен Бақытбекұлын және облыстық экологиялық қоғамдық кеңес төрағасы Нұрбол Аппазовты таныстырып өтті.
Өз кезегінде сөз алған облыстық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркен Бақытбекұлы жиынның негізгі мақсатына тоқталып, партияластардың ұсыныстарын тыңдау бойынша пікірлесуге кезек берді.

Кездесу жиынында қатысушылар тарапынан аудан бойынша бірқатар өзекті мәселелер бойынша ұсыныстар түсті. Атап айтқанда Әйтеке би кентіндегі 5 кварталға өтетін аспалы көпір салу, электр желілерінің тозу деңгейінің алдын алу, Әйтеке би кентіндегі жылу электр орталығына жөндеу жұмысын жүргізу, кәсіпкерлерге қолдау көрсету, ауыл жастары саясатын дамыту, елді мекендерді көгілдір отынмен қамтамасыз ету сынды т.б. мәселелер айтылып, ұсынымдар қабылданды.

Мұнан соң кезекті кездесу жиыны «Қазалы» БПҰ орналасқан Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінде жалғасты. Жиын барысында бірқатар аманаттықтар аталған мекемеге жаңа ғимарат және арнайы көлікттердің қажеттігін атап өтті. Аталған үсыныстармен танысқан қоғамдық кеңес төрағалары партиялық бақылауға алынып, тиісті жұмыстар атқарылатындығын атап өтті.

Айта кетейік аталмыш жиындарға аудандық мәслихат төрағасы, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, партия филиалы жанындағы қоғамдық кеңес төрағалары, партия ардагерлері мен белсенділері қатысты.

09 қаңтар 2023 ж. 402 0

Адалдық

16 қаңтар 2025 ж. 19

Арман неге адасты?

16 қаңтар 2025 ж. 46

Болашаққа қадам

16 қаңтар 2025 ж. 42

Шыбық

16 қаңтар 2025 ж. 98

«Таза Жол»

16 қаңтар 2025 ж. 56

Есірткі туралы ертегі

16 қаңтар 2025 ж. 66

«Мен тыңшымын» ертегі

16 қаңтар 2025 ж. 58

Есті ел тұрғындары

16 қаңтар 2025 ж. 80

Ақыл мен Жан

16 қаңтар 2025 ж. 82

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031