Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ерекше жандар ескерілді

Ерекше жандар ескерілді

Қазан айының екінші жексенбісінде мүмкіндігі шектеулі жандар өз мерекесін атап өтеді. Мақсаты – мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын сақтау, әлеуметтік жағдайын жақсартуға айрықша назар аудару.
Осы күнге орай аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен мерекелік жиын өтті. Жиынға мүмкіндігі шектеулі жандар мен қоғамдық ұйым басшылары және ата-аналар қатысты.
Басқосу барысында аудан ­басшысы Мұхтар Әуесұлы мүмкіндігі шектеулі жандардың белсенділігін тілге тиек етті.
Мұнан соң атаулы күн аясында қоғамдық ұйымдардың басшылары мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға аудан әкімінің Алғыс хаты ­табысталды.
Аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Ерболат Тұрым, аудандық соқырлар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әлімжан Қияс, II-топ мүгедегі, аудандық мүгедектер қоғамының мүшесі Телағыс Бұхарбай және тағы басқалары сөз сөз сөйлеп, ризашылықтарын білдірді.
Айта кетейік, бүгінде аудан бойынша 3524 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Оларға мемлекет тарапынан жеке оңалту бағдарламасы бойынша аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі арқылы қызмет көрсетіліп келеді.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
16 қазан 2021 ж. 691 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 197

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 182

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930