Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің білім беру ұйымдарында бұртұтас тәрбие бағдарламасы енгізіледі

Еліміздің білім беру ұйымдарында бұртұтас тәрбие бағдарламасы енгізіледі

Елордада Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті «Біртұтас білім беру бағдарламасы: құндылықтар және оларды қалыптастыру жоспары» атты семинар өткізді, деп хабарлайды baq.kz
Оған республика педагогтері мен мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әдіскерлер, білім басқармаларының өкілдері қатысты.
Семинарда ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жаңа оқу жылында оқу-тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті. Министр балалардың бойына ұлттық құндылықтарды, отансүйгіштікті, еңбекқорлықты, жауапкершілікті сіңіру қажеттілігін атап айтты.
Бала тәрбиесі – бүкіл қоғамның міндеті. Өскелең ұрпаққа ерекше көңіл бөліп, оларды игі істерге бағыттауымыз керек. Барлық оқу орындарында оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыру, балалардың бойына адами құндылықтарды сіңіру, мектеп пен отбасының өзара байланысын нығайту маңызды. Мектептердегі біртұтас тәрбие бағдарламасы осы мақсаттарға жетудің тиімді құралдарының біріне айналады, - деді Ғани Бейсембаев.
Айта кету керек, республикалық семинардың 60 қатысушысы өз өңірлерінде тәрбие жұмысының тәлімгерлері болады.
Сондай-ақ, екі күнге созылған шара аясында қатысушылар мектептегі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда әлеуметтік тәжірибені қолдану мәселелері бойынша пікір алмасып, жан-жақты үйлесімді дамыған және әлеуметтік тұрғыдан жауапты тұлға қалыптастыру үшін оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттыру жолдарын талқылады
17 тамыз 2023 ж. 434 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 135

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 137

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 142

Рухани шамшырақ иесі

21 қазан 2025 ж. 125

Мал баққанға бітеді

21 қазан 2025 ж. 122

Ұйқыдағы үрей

21 қазан 2025 ж. 138

Алма ауызға түспейді

21 қазан 2025 ж. 134

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031