Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұрпақ тәрбиесі – ұлағатты іс

Ұрпақ тәрбиесі – ұлағатты іс

Жас ұрпаққа рухани тәлім-тәрбие беру заманның өткір талабы. Білім беру жүйесінде тәрбие беру ұлттық және рухани негізде үйлестіре жүргізуді қажет етеді. Осыған орай адам тәрбиелеу – адамзаттың ең бірінші аса маңызды қоғамдық қызметі, азаматтық борышы.
Соған сәйкес жуырда Ы.Алтынсарин атындағы №204 орта мектепте «Рухани құндылықтар және ұрпақ тәрбиесі» атты шара өтті. Жиынға ата-аналар мен мектептің жоғары сынып оқушылары арнайы қатысты. Басқосуда көрсетілген тақырыпты басты назарға ала отырып, баяндама жасалды.
Ықылым заманнан ел ауызында жүрген «Бала тәрбиесі – мемлекеттің маңызды міндеті» деген сөздің маңызы тереңде. Өйткені ұрпақ тағдыры дегеніміз – қай заманда да ұлт тағдыры. Әрбір қоғамның дамуына байланысты бұл мәселе әрқалай шешілуде. Бүгінгі тәжірибемізде жастарға адамгершілік-рухани құндылықтардың даму жолдарын айқындап беру өзекті болып отыр.
Білім беру ұйымдарының алдындағы негізгі мақсат – жастардың бойында жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытып, қалыптастыру жолдарын ғылыми және практикалық тұрғыда зерттеу әрі оның әдістемесін жасау десек қателеспейміз. Білім беру жүйесінде тәрбиенің оқытудан басымдылығы және шын мәнісінде, тәрбиені оқытудың құрамдасы ретінде енгізу, адам бойындағы рухани құндылықтарды қалыптастыру, оны тәжірибеде қолдану қағидалары қарастырылады.
Түйіндей келе, адамгершілік тәрбиесі – бұл адамның туғаннан басталатын және өмір бойы жалғасатын, адамдардың мінез-құлық нормаларын игеруіне бағытталған үздіксіз үрдіс. Оның мазмұны оқушының жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасу шеңберінде дамиды. Сондықтан оқу – тәрбие жұмысын ұйымдастыруда оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеру маңызды орын алмақ.

Қанат ӘБІШОВ,
Ы.Алтынсарин атындағы
№204 орта мектептің
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
12 қараша 2022 ж. 2 132 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 99

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 95

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 96

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 88

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 166

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930