Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жарқыра, жайна, жаңа жыл

Жарқыра, жайна, жаңа жыл

Бал-бұл жайнаған бүлдіршіндер асыға күтетін 2023 – Жаңа жыл мейрамы табалдырық аттағалы тұр. Қоян жылында сананың түкпірінде жатқан балғын арманы орындалады деп сенетін, соған қарай ұмтылатын бөбектердің қуанышын еселеу үлкендердің міндеті, шын ниеті. Осыған орай, әлеуметтік осал топтағы балғындар, ерекше қасиетке ие және өр өнері бар өрендер бүгін Ы.Алтынсарин атындағы №204 мектепте бас қосып, аудан әкімінің шыршасына қатысты.
Мерекелік шара барысында балаларға арналып, көңілді ертегі қойылым көрсетілді. Түрлі мультперсонаждың кейпіне енген өнерпаздар кеш қонақтарын ортаға шақырып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Бұдан кейін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев сөз алып, қонақтарды қоян жылымен құттықтады.
– Бүгінгі көңілді Жаңа жыл мерекесінде кішкентай достарыма бақытты балалық шақ, мықты денсаулық тілегім келеді. Сіздердің шынайы, риясыз күлкілеріңіз мына ғаламды жарыққа бөлеп, өмірді мәнді ететінін естеріңізден шығармаңыздар. Қоян жылы отбасыларыңызға қуаныш, береке, тек бақыт әкелсін. Жаңа жыл құтты болсын! – деді аудан әкімі. Бұдан кейін кештің кішкентай қонақтарына жаңажылдық сыйлық үлестірді. Жиналғандар мерекелік торттан дәм татып, естелік суретке түсті.
Кеш соңында ауданның өнерлі оқушылары сахна төріне көтеріліп, әсем ән айтты. Мың бұрала би биледі. Аяз ата мен ақшақар кішкентай өнерпаздарға тәттілер таратты.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
31 желтоқсан 2022 ж. 415 0

Ауданда ахуал тұрақты

19 сәуір 2025 ж. 70

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 70

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 69

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 64

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 139

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930