Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа жыл қарсаңындағы қуаныш

Жаңа жыл қарсаңындағы қуаныш

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында дәстүрлі түрде өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа жылдық шыршасы биыл карантиндік талаптарға байланысты онлайн ұйымдастырылды. «Жарқыра, жайна жаңа жыл – Тәуелсіз қазақ елінде!» атты Президент шыршасына Қазалы ауданынан оқуда, спортта, шығармашылықта жоғары жетістіктерге жеткен 18 оқушы қатысты.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Жанқожа батыр атындағы №70 мектептің 4 сынып оқушысы Ернұр Абимолданың отбасына арнайы барып, Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен және алда келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Мұнан соң Елордадан арнайы келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа жылдық құттықтауын табыстап, мерекелік сыйлықтарын берді. Сондай-ақ облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың құттықтау хаты да табысталды.
Өз кезегінде Ернұр Абимолда жаңа жылдық тақпақтарын айтып, Аяз ата мен Ақшақардан тәтті сыйлықтарға ие болды.
Ернұрдың әжесі Рахима Боранқұлова жаңа жылмен құттықтай келген аудан әкімі Мұхтар Оразбаевқа алғысын айтып, батасын берді.
Аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов пен Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің директоры Батырбек Тәңірбергенов «таланттар ұстаханасы» аталып кеткен білім ордасының 4 «Г» сынып оқушысы Мейірім Алмасқызына ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықованың құттықтау хатын, сый-сияпаттарын табыс етті.
Айта кетейік, оқуда үздік Мейірім Алмасқызының онлайн өткізілген Президент шыршасында айтқан мерекелік құттықтауы мен ізгі тілегі облыстық «Qyzylorda» телеарнасынан көрсетілді.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
25 желтоқсан 2021 ж. 800 0

Мектептегі мұражай

30 сәуір 2024 ж. 186

Туған өңір - тұнған өнер

29 сәуір 2024 ж. 128

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031