Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шетелдік дипломаттар Байқоңырға барды

Шетелдік дипломаттар Байқоңырға барды

Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпус басшылары «Байқоңыр» ғарыш айлағында болды. Елшілердің сапары Қазақстан өңірлеріне шетелдік инвестицияларды тарту, олардың туристік әлеуетін нығайту және жағымды имиджін қалыптастыру мақсатындағы мемлекеттің шаралары аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дипломаттардың «Байқоңырға» сапарын Қызылорда облысының әкімдігі және Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырды.
Ғарыш айлағына сапар аясында елшілер «Байқоңыр» мұражайына барып, онда айлақ мұражайын, «Буран» орбиталық кемесін, және С.П.Королев пен Ю.А.Гагариннің мемориалдық үйлерін көрді. 16 дипломатиялық миссияның басшылары сондай-ақ «Қорқыт-ата» мемориалдық кешенді аралады.
Сапарға Австрия, Армения, Индонезия, Иран, Канада, Куба, Мажарстан, Марокко, Нидерланды, Румыния, Словакия, Швейцария елшілері, сондай-ақ Еуропалық одақ, ЕҚЫҰ, БҰҰ Босқындар жөніндегі жоғары комиссар басқармасы және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілдіктерінің басшылары қатысты.

baq.kz
18 желтоқсан 2017 ж. 1 496 0

Дара таланттар додасы

24 қазан 2026 ж. 75

Еңбек еленген күн

24 қазан 2026 ж. 75

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031