Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан Орталық Азия елдері басшыларының саммитін өткізуді ұсынуда

Қазақстан Орталық Азия елдері басшыларының саммитін өткізуді ұсынуда

Қазақстан Орталық Азия елдерінің басшыларын жинауға мүдделі. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдіраxманов мәлім етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
"Бүгінде Орталық Азияда достық пен бауырластық байланыстар күшейіп келеді. Қазақстан да Орталық Азия елдері көшбасшыларының бейресми консультацияларын өткізу жөніндегі бастаманы іске асыру үшін барлық көршілерімен жұмыс істейтін болады. Наурыз сияқты бәріміз үшін ортақ мейрам кезінде көптен бері бас қоспаған басшыларды жинауға әбден болады. Аталған отырысты Елбасымыздың төрағалығымен өткізсек деген ойымыз бар", - деді Әбдіраxманов.
Айта кетейік, бүгін елордада "Жаңа жаһандық болмыстағы Қазақстанның жаңғыру моделі" тақырыбында xалықаралық парламенттік конференция басталды. Аталған шара ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналып отыр. Мәжіліске Ресей, Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан, Армения, Италия, Испания, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері, Болгария, Мажарстан және тағы басқа, барлығы он бес елдің делегаттары қатысуда. Бұдан бөлек, АҚШ-тың сарапшылары да келді.
27 қараша 2017 ж. 2 084 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 204

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930