Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бастауыш ұйымда қабылдау бөлмесі ашылды

Бастауыш ұйымда қабылдау бөлмесі ашылды

Кезектен тыс партияның ХХІІ съезінде партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықпен кері байланысты нығайту, халықтың уақытын үнемдеу, мәселелерді дер кезінде шешу үшін ірі бастауыш партия ұйымдарында да қоғамдық қабылдау бөлмелерін ашуды тапсырған болатын. Осы мақсатта бүгін партияның Қызылорда қалалық филиалына қарасты ірілендірілген «Жарық» бастауыш партия ұйымында қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылып, партияның мобильді қоғамдық қабылдауы өз жұмысын бастады. Қабылдау бөлмесінің алғашқы жұмысына Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген «AMANAT» партиясының републикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары Азамат Біржанов, облыстық және қалалық партия филиалдарының Атқарушы хатшылары, облыстық, қалалық мәслихаттардағы депутаттық фракция мүшелері қатысып, алғашқы болып келген тұрғындар тілегін тыңдады.
Партияны жаңғырту жұмыстары аясында қолға алынған қабылдау бөлмелері 500-ден астам партия мүшелері бар тағы 4 бастауыш ұйым базасында ашылатын болады.
31 наурыз 2022 ж. 577 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930