Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Интернет неге нашар?

Интернет неге нашар?

Жаңа абоненттердің қосылуы, видеоконтентті көретіндердің көбеюі, адамдардың онлайн жұмыс істеуге көшуі, оқушылар мен студенттердің қашықтан оқуға ауысуы сияқты факторлар ішкі арналарға салмақ түсірген.
Өткен жылы індеттің халықты жаппай дертке шалдықтыруының салдарынан төтенше жағдай енгізілгені бәрімізге мәлім. Еркін жүріп-тұрып, өзге қалаларға той-тойлауға, бір-біріне қонаққа баруды қалайтын көпшілік үйге қамалуға мәжбүр болды. Әрине бұл бүкіләлемдік ереже еді. Әсілінде, жаңадан шыққан беймәлім жұқпалы ауруды ауыздықтау мақсатында көпшілік баспанасынан шықпай, онлайн қызмет көрсетіп, оны ұсыну барысын меңгеруге басымдық берілді. Мұндайда, әрине, цифрлық бағдарлама жүйесінің дәурені еселеп өсті.
Осыған орай халықты бір жерге шоғырландырмау бағытында жаппай оқшау нысанда жұмыс істеу тәртібіне көшірілді. Цифрландыру бағдарламасын енді біріздендіріп жатқан біздің ел үшін бұл біраз әбігерге салды. Көпшіліктің есінде жыл бұрын елдің түкпір-түкпіріндегі шалғайдағы ауылдарға дейін ғаламтор желісін қолданғандықтан интернетке салмақ түсті. Бұл кезде қазақстандықтар тамаққа тапсырыс беріп қана қоймай, фильмдерді жиі көре бастаған. Интернетке түскен салмақ жаңа жылдық мереке кезіндегі жағдаймен салыстырғанда екі есе артқан. Тіпті кейбір интернет желісі дұрыс бармаған ауылдарда оқушыларға сабақ оқу барысы ауырға соққан.

Базалық станция салынса...
Бүгінде бүкіл әлемде интернет арналарының жүйелі жұмыс істеуінде біршама кедергі барын ресми дереккөзден көзіміз шалды. Мұндай қиындық Қазақстанда да орын алуда. Уақыт өте ұялы байланыс қызметінің трафигі де өсті. Бұған себеп өткен жылы абоненттер интернет дүкендерден үйге тағам мен дәрі-дәрмекке тапсырыс беру санының күрт ұлғаюы. Бұдан бөлек, жаңа абоненттердің қосылуы, видеоконтентті көп көру, адамдардың онлайн жұмыс істеуге көшуі, оқушылар мен студенттердің қашықтан оқуы сынды факторлар ішкі арналарға күш түсірді. Мұндай жағдай біздің ауданда да орын алды.
Мамандардың сөзіне қарағанда, байланыс сапасын арттыру шаралары атқарылып жатыр. Операторлар ішкі арналарды кеңейтуде. Алайда аудандағы ұялы байланыс операторларының қызметі анау айтқандай жақсы емес. Мәселен, әуелден кент тұрғыны, жалпы қазалылықтар “Activ” байланыс аясын пайдаланады. Қазір түрлі “Altel”, “Tele2”, “Beeline” сынды түрлі қызмет аясы бар дерсіз. Дегенмен ұзақ жыл қатарынан “Activ” қолданушылар оның қызметінен бас тартқысы жоқ. Керісінше, қызмет көрсету көлемі жақсарғанын қалайды.
Бұл күні “Activ”-ті пайдаланушы №5- ықшам ауданының тұрғындары интернетті қолданатын тарифтен бас тартып, тек сөйлесу мүмкіндігін ғана қалдыруда. Өйткені қаншама “гегабайт” далаға кететінін айтып отыр.
Айжан Жанәділ Т.Жароков көшесінде тұрады. “Activ” желісінің абономенті болғанына тура 12 жыл. Бұған дейін түрлі интернетке кіру мүмкіндігі бар тарифті пайдаланған. Тек соңғы екі жылда ондай қызметтен бас тартып, сөйлесуге арналған ұсынысты ендірген. Себебі «Асtiv» желісінің интернет сапасы өте нашар. Оны жайбарақат қолдануға тіптен мүмкін емес екендігін жеткізді.
– Осы мәселені қозғағанымызға бірнеше жыл болды. Бұл жолы “Асtiv”-тің электронды почтасына жанайқайымызды назарға алар деген оймен бірқатар тұрғынның қолы қойылған хат жібердік. Жауап болар деген үміттеміз. Біз тарифке қаншама ақша төлегенмен оны рахаттанып қолдана алмаймыз. Себебі бүкіл Әйтеке би кенті үшін жалғыз ғана базалық станцияның тарату аясы шектеулі. Ылғи “Е” ұстайтын интернеттің қажеті қанша? Одан іс өне ме? Содан басқа ұялы агенттерге қосылдық. Дегенмен ағайынның бәрі “Activ” қолданғандықтан, одан бас тарта алмаймыз. Сондықтан қосымша базалық станса құрылуын сұраймыз, – дейді Айжан.

«Қазақтелеком» бағана құрмай ма?
Осындай қиындыққа тап болған қазалылықтар аз емес. Соның бірі С.Инабатов көшесінің тұрғыны Қарлығаш Боранбай да қызметтің бұл түрінен бас тартып, “Beeline”-ның абономенті болғанын тілге тиек етті. Оның да айтататын уәжі Айжандыкіндей. Бұдан бөлек Қарлығаштың айтуынша, «Қазақтелекомға» халықтың өкпесі қарақазандай.
– Қазір әрбір үйде тұрмыстық қажеттілікке сай компьютер бар. Ал оны «Қазақтелекомның» қызметіне жүгініп қана ғаламторға кіре аламыз. Біз де олардың телефонның кабелі арқылы пайдалануға бел буғанымызбен, арнайы бағана жоқ деп сылтауратты. Содан көрші-көлем жиналып өз күшімізбен бөрене құрғыздық. Оның тұрғанына да көп болмады. Бірақ арнайы жүргізілген сымдары үзіліп, жерде сүйретіліп жатыр. Мамандары бағанаға шығудан бас тартады. Ал қиылған сымдарын өзіміз жаңалатуымыз керек екен, – дейді Қ.Боранбай.
Осындай жанайқайын жеткізген оқырманымыздың мәселесін білу мақсатында аудандық «Қазақтелеком» АҚ Қазалы желілік техникалық цехының бастығы Нұрлан Нұрмановқа хабарластық.
Оның мәлімдеуінше, тұрғындардың өтінішімен өз күштерімен құрылған бағананы олардың балансына өткізу қажет екен. Болмаса бағана құру жөнінде жергілікті үй иелерінің қолы жиылған өтініш жазылуы тиіс. Содан соң ғана аталған көше жобаға енгізіледі. Ал сымдары үзілген және интернетінде ақауы барлар Нұрлан Нұрмановтың өзіне жолығып мән-жайды түсіндіруі керек. Жалпы ереже бойынша интернет сымын “Қазақтелеком” өзі жаңалайтын көрінеді. Тек мұндай жағдайда халық созбалақтыққа салынбай, орын алған қолайсыздықты жылдам шешкені абзал.
Жоғарыда өз мұқтаждықтарын жеткізген “Activ” абономентінің иелеріне аталған ұялы байланыс компаниясы сұранымдарын шешу нәтижелері туралы міндетті түрде хабарлайтындығын білдірді. Және оны тезірек өңдеуге тырысады екен. Тек карантинге байланысты оларға абоненттерден көптеген электрондық сұраным келіп түсуде және оларды өңдеуге уақыт қажеттігін «Kcell» АҚ жеткізген. Енді бұл күрмеулі түйін оңтайлы шешілуін “актив” абономенттері асыға күтуде.
Біздің тараптан тұрғындардың өтініші ескеріліп, базалық станциялар салынуы тиіс деген тұжырымдамыз. Осыған байланысты қазалылықтар кенттің интернет сапасы нашар жерлерінде қосымша базалық ­станция орнату мәселесі әкімдікпен бірлесіп пысықталса нұр үстіне нұр болар еді деген уәждерін жеткізді. Базалық станцияны орнату үшін электрмен жабдықталған жер бөлу керек. Сондықтан бұл мәселе ұялы байланыс компанияларымен тығыз қарым-қатынас жасау арқасында әкімдік тарапынан шешіледі деген үміт те жоқ емес.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
23 қазан 2021 ж. 993 0

Қазақстанда күн жылынады

25 желтоқсан 2024 ж. 46

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031