Қазалы ауданы бойынша бірлескен кәсіпкерлер дәрігерлерге көмек қолын созды
Елімізде төтенше жағдай жарияланып, карантиндік режим енгізілгені белгілі. Осы сәтте дәрігерлер мен полиция қызметкерлері күн-түн демей жұмыс істеп, жұқпалы індеттің таралмауына зор үлес қосуда.
Қазалы ауданындағы полиция мен мединицина саласы қызметкерлері де өз міндеттерін адалынан атқаруда. Бірі денсаулығы сыр берген науқастардың жандарынан табылса, екіншілері аудандағы блокпосттарда қырағы қызметте тұр.
Кеше Қазалы ауданаралық ауруханасына бір топ кәсіпкерлер келіп, ақ халатты абзал жандарға алғыстарын айтты. Аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Бақыткүл Әлішеваның қолына өздерінің дәрігерлерге арналған бір реттік қорғаныш киімін тарту етті.
Қазалы ауданы бойынша бірлескен кәсіпкерлердің аудандық ауруханаға жасаған алғашқы демеушіліктері емес. Бұдан бірнеше апта бұрын да арнайы келіп, медициналық мүкәмаларды тарту еткен болатын.
Осы ретте Қазалы ауданаралық ұжымы қасиетті Рамазан айында қайырымдылық көмек көрсетіп жатқан белсенді кәсіпкерлерге алғысын айтып, ризашылығын білдіреді.
"Қазалы" ақпарат