Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандағы мемлекеттік қызметшілердің 70 пайызы қашықтан жұмыс істеу тәртібіне өтті

Қазақстандағы мемлекеттік қызметшілердің 70 пайызы қашықтан жұмыс істеу тәртібіне өтті

Қазақстандағы мемлекеттік қызметшілердің 70 пайызы қашықтан жұмыс істеу тәртібіне өтті, деп хабарлайды www.inform.kz.
«Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан халқының қауіпсіздігі үшін елімізде төтенше жағдай енгізілді. Премьер-министрдің жетекшілігімен төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия бүгін де жұмыс істеп жатыр. Қабылданған шаралардың негізгі мақсаты – коронавирус індетінің еліміздің басқа өңірлеріне таралуын тежеу», - деді Ералы Тоғжанов Үкіметтің баспасөз орталығында өткен онлайн режімдегі брифинг барысында.
Үкімет басшысының орынбасары осы мақсатта нақты бірнеше шара қабылданғанын еске салды.
«Біріншіден Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына қалаларына кіріп-шығу шектеледі. Наурыз айының 22-нен сағат 00.00-ден бастап аталған екі қала мен әуе, темір жол, автобус арқылы адам тасу тоқтатылады. 22-не дейін азаматтарға елорда мен Алматыға еркін келуге немесе кетуге болады. Екіншіден өндірістік тауарлар сататын және ойын-сауық орталықтары, мәдениет, тамақтану және қызмет көрсету орталықтары уақытша жабылды. Азық-түлік дүкендері мен дәріханалар бұрынғы тәртіп бойынша жұмыс істеуде», - деді ол.
Ералы Тоғжанов үшіншіден Президенттің шешімімен Қазақстандағы мемлекеттік қызметшілердің 70 пайызы қашықтан қызмет ету тәртібіне өтті.
«Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының меншік түріне қарамастан барлық мемлекеттік мекемелердің жұмысы қашықтан қызмет ету тәртібіне өтеді. Бұл шаралардың негізгі мақстаы – әр азаматтың өз үйінде болуын, басқа азаматтармен қарым-қатынасын толығымен шектеуді қамтамасыз ету», - деді ол.

20 наурыз 2020 ж. 609 0

Ынтымақтастық кезеңі

19 наурыз 2024 ж. 31

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031