Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгіннен бастап Қазақстанда жеке көлік әкелу ережесі өзгереді

Бүгіннен бастап Қазақстанда жеке көлік әкелу ережесі өзгереді

Фото: Pixabay
20 қазаннан бастап Қазақстанда жеке мақсатта көлік әкелуге жаңа шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
2025 жылдың 20 қазанынан бастап Қазақстанда жеке пайдалану үшін көлік құралдарын әкелуге қатысты жаңа ережелер күшіне енеді. Өзгерістер 2025 жылғы 23 мамырдағы Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің №45 шешіміне сәйкес қабылданған.
Бұған дейін азаматтар жеке қажеттілігі үшін әртүрлі көлік түрлері мен тіркемелерді әкеле алатын. Енді мұндай мүмкіндік тек ЕЭК Алқасының 2017 жылғы 30 маусымдағы №74 шешімімен бекітілген тізімге енгізілген көліктерге ғана беріледі.

Рұқсат етілген көлік түрлері:
жеңіл автомобильдер (медициналық мақсаттағы арнайы көліктерден басқа);
квадроциклдер, қарда және жолсыз жерлерде жүретін мотовездеходтар;
мотоциклдер, мотороллерлер, мопедтер;
сыйымдылығы 12 орынға дейінгі автобустар мен толық салмағы 5 тоннаға дейінгі жүк көліктері.
Құжаттық талаптар күшейеді
Қазақстанға әкелінетін барлық көліктер «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентке сай болуы тиіс.
Негізгі растаушы құжат — көлік құралының құрылымының қауіпсіздігі туралы куәлік.

Бұл құжат болмаса, жеке тұлға:
көлікті кедендік рәсімдеуден өткізе алмайды;
электронды көлік паспорты ала алмайды;
утилизациялық алым төлей алмайды;
көлікті тіркеуге қоя алмайды.

Тыйым салынған көліктер
ЕЭК тізіміне кірмеген автобустар мен жүк көліктерін жеке тұлғалар әкеле алмайды. Яғни, жолаушы сыйымдылығы 12 адамнан асатын автобустар және толық салмағы 5 тоннадан артық жүк көліктері тек заңды тұлғалар арқылы ғана әкелінеді.
Мамандардың айтуынша, бұл шектеулердің басты мақсаты - Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы техникалық талаптарды біріздендіру және сертификатталмаған көліктердің елге енуін болдырмау.
20 қазаннан бастап жеке тұлғалар елге көлік әкелу кезінде тек жоғарыда көрсетілген санаттағы көліктерді ғана тіркей алады.
Ал қалған түрлерін рәсімдеу, кеденнен өткізу және есепке қою заң жүзінде мүмкін болмайды.
20 қазан 2025 ж. 237 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 129

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 116

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 123

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031