Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр журналистеріне Жайна Сламбек тәжірибесімен бөлісті

Сыр журналистеріне Жайна Сламбек тәжірибесімен бөлісті

Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен “Аналитикалық – сараптамалық материалдар туралы теориялық ақпарат. Журналистикадағы сараптамалық жанрлар” және “Мақала жазудағы тіл тазалығын сақтаудың маңыздылығы” тақырыбында семинар-тренинг өтті. Шарада қазақ журналистикасында өзіндік ерекше орны бар Жайна Сламбек пен “Сыр бойы” газеті редакторының орынбасары – Гүлзира Жалғасова өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарға сыр журналистері, осы саланың болашақ мамандары қатысты.
Жайна Сламбек “Журналистикадағы сараптамалық жаныр жайында” дәріс оқып, журналистика саласында 10-15 жыл ішінде өзгеріс болатынын тілге тиек етті.
- Көпшілік журналист өлетін мамандық" дейді. Ал мен бұл мамандық жоғалып кетеді немесе бар болады деп те айталмаймын. Талап күшейген сайын журналистер сұрыпталады. Бұл саланың мамандарында энциклопедиялық білім, ізденімпаздық болу керек,- деді Жайна Сламбек.
Сонымен қатар, сырбойылық журналист Гүлзира Жалғасова мақала жазу барысындағы қателіктерге жол бермей, тіл тазалығын сақтау керектігін атап өтті.
- Мақаладағы қате – ұры іспетті, қайдан келіп қалғанын білмейсің. Сондықтан да мақала жазғанда толық тексерістен өткізіп жолдаған абзал, -деді Гүлзира Жалғасова.
Шара барысында білікті тренерлер қатысуышлармен пікір алмасып, пайдалы деректермен сусындатты.
Осыған дейін облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырмасы бойынша "Ұшқыр жебе" қоғамдық қоры Сыр журналистеріне арнап семинар-тренинг ұйымдастырып келеді. Республикалық, өңірлік білікті журналистер мен сарапшылар дәріс оқып, Сыр журналистері өз біліктіліктерін арттыруда. Аталмыш шара облыстық БАҚ өкілдері үшін алдағы уақытта да жалғасын табады.
22 қараша 2019 ж. 1 729 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930