Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Футболдан үшінші аудан біріншілігі аяқталды

Футболдан үшінші аудан біріншілігі аяқталды

Бүгін Қазалыда спорт күні мерекесіне арналған шарада футболдан үшінші аудан біріншілігінің жабылу салтанаты өтті. Төрт айға созылған аяқдоп аламанына 10 команда қатысып, екі айналым бойынша өз бақтарын сынаған болатын. Салтанатты шараға аудан әкімі Мұрат Ергешбаев бастаған құрметті қонақтар қатысты.

Байрақты бәсекенің қорытындысы бойынша «Намыс» командасы турнир жеңімпазы атанды. Жүлделі екінші, үшінші орындарды «Мирас» және «Достық» командалары өзара бөлісті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер командаларға Қазалы аудандық футбол федерациясының президенті Фердоуси Қожабергенов медальдар мен кубоктарын табыстады. Сондай-ақ, турнирде үздік деп танылған Бақтияр Саламатовты «Үздік қақпашы», Айболат Сахиевты «Үздік қорғаушы», Батыр Бахиды «Үздік жартылай қорғаушы», Қанат Кежденбекті «Үздік шабуылшы», Арыстанбек Құлмағамбетовты «Үздік ойыншы», Нұржан Жұмабайды «Үздік сұрмерген», Қасымжомарт Нажмадинді «Үздік жас ойыншы», Ардақ Жұмахметовті «Үздік жаттықтырушы», Мұхтар Шүленбаевті «Үздік ұйымдастырушы», Мнажадин Өтеевті «Үздік демеуші», «Қайсар» командасының жанкүйерлерін «Үздік жанкүйер» арнайы бағамдармен марапаттады.

Сонымен қатар, чемпионаттың өз дәрежесінде өтуіне қолдау көрсеткен футбол демеушілеріне де құрмет көрсетілді.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
20 тамыз 2019 ж. 1 006 0

Оңалтудың үйлесімді орталығы

23 желтоқсан 2025 ж. 120

Түнгі қонақ

23 желтоқсан 2025 ж. 126

Маңызды мәселелер қаралды

23 желтоқсан 2025 ж. 136

Жол түзелмей, ел түзелмейді

23 желтоқсан 2025 ж. 126

Тұрғындарға тиімді баға

23 желтоқсан 2025 ж. 120

Жаңа жылға – жаңа нысан

23 желтоқсан 2025 ж. 122

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031