Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аяқдоп аламаны

Аяқдоп аламаны

Қазалы спорт кешенінде ішкі істер органында тергеу құры­лымының құрылғанына 55 жыл толуына орай кіші футболдан турнир өтті. Аяқдоп бәсекесіне аудандық ішкі істер бөлімінің бөлімшелерінен жасақталған алты команда қатысты.
Ашылу салтанатында сөз алған аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ғалымжан Ешпанов, аудандық жергілікті полиция қыз­метінің бастығы Мырзабек Тәжібай, аудандық ішкі істер бөлімі тергеу бөлімшесінің меңгерушісі Бауыржан Тұрманов жарысқа қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.
Тартысты өткен турнир қоры­тындысымен жеңімпаз болып аудандық ішкі істер бөлімінің криминалды полиция бөлімшесінің қызметкерлерінен жасақталған “Қайсар” командасы атанды. Жүлделі екінші, үшінші орындарды уақытша ұстау изоляторы мен әкімшілік қамау орнынан құралған “Жігер” және учаскелік полиция инспекторларының “Қыран” коман­далары өзара бөлісті.
Футбол алаңында шебер ойын өрнегін көрсетіп, командасының жеңіске жетуіне үлкен үлес қосқан бөлім бастығының бірінші орынбасары Ж.Жақыпов “Үздік ойыншы”, тергеу бөлімшесінің тергеушісі Х.Алтынбаев “Үздік қорғаушы”, көші-қон қызметі бөлім­­шесінің аға инспекторы А.Бегімбайұлы “Үздік қақпашы”, әкім­шілік қамау орнының полицейі Ж.Аманов “Үздік сұрмерген” номинацияларын иемденді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, үздік номинация иегерлерін аудан­дық ішкі істер бөлімінің бастығы құттықтап, дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Ж.АЙЫМҚҰЛОВ
10 сәуір 2018 ж. 1 785 0

Еңбегімен елге сыйлы

20 мамыр 2025 ж. 33

Ыбырай атаға арнау

20 мамыр 2025 ж. 35

ШАХМАТТАН ТУРНИР ӨТТІ

20 мамыр 2025 ж. 31

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031