Қазақ боксшысы Садриддин Ахмедов үш титул үшін өткен жекпе-жекте жеңіске жетті
Жекпе-жек барлық он раундқа созылды, нәтижесінде төрешілердің шешімімен Садриддин Ахмедов жеңіске жетті
23 жастағы қазақ боксшысы Садриддин Ахмедов Нидерланды өкілі Стивен Даньоны жеңді.
Олардың жекпе-жегі Мексиканың Куэрнавака қаласында өтті. Бірден бірінші орта салмақтағы үш белбеу – WBA Continental, NABF және WBC Francophone бәске тігілді.
Жекпе-жек барлық он раундқа созылды. Төрешілер бірауыздан жеңісті Ахмедовке берді. Осылайша бірде-бір рет жеңілмеген қазақ боксшысы 12-ші жеңісіне қол жеткізді.
Ахмедов Мексикада алғаш рет жұдырықтасты. Алдыңғы он жекпе-жегін Канадада, біреуін Қазақстанда өткізген. Канадалық Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырған.
Садриддин бұған дейінгі жекпе-жегін 2019 жылдың желтоқсанында аргентиналық Хосе Вильялобосқа қарсы өткізді. Жекпе-жек жетінші раундта нокаутпен аяқталды.