Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өндіріс ұжымына «Әділет» партиясы облыстық сайлауалды бағдарламасы таныстырылды

Өндіріс ұжымына «Әділет» партиясы облыстық сайлауалды бағдарламасы таныстырылды

Қызылордада «Әділет» партиясы облыстық сайлауалды штабының мүшелері Қазалы ауданындағы «LCI-MK» ЖШС темірбетон бұйымдарын өндіретін зауытының ұжымымен кездесті.
Кездесуде партияның облыстық штабының мүшесі Ибайдулла Тілеп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында белгіленген басымдықтарға тоқталып, олардың өңір дамуымен сабақтастығын атап өтті.
Ол ел экономикасын жаңғырту, отандық өндірісті қолдау, инфрақұрылымды дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы міндеттердің маңыздылығына тоқталды. Әсіресе құрылыс саласын дамыту, жолдар мен инженерлік желілерді жаңғырту отандық құрылыс материалдарына сұранысты арттырып, өндіріс орындарының әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік беретінін жеткізді.
Сонымен қатар Ибайдулла Тілеп «Әділет» партиясының алдағы бес жылға, яғни 2031 жылға дейінгі Қызылорда облысын дамытуға арналған сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Бағдарламада өңірде 4,7 млн шаршы метр тұрғын үй салу, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 98 пайызға жеткізу, өңдеу өнеркәсібінің көлемін 440 млрд теңгеге дейін арттыру, негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемін 2,182 трлн теңгеге жеткізу сияқты нақты міндеттер қамтылған.
Ибайдулла Тілеп «Әділет» партиясы алдағы бес жылға арналған сайлауалды бағдарламасында қамтылған осы міндеттердің жүзеге асуына ықпал ететінін атап өтті. Бұл ретте өңір экономикасын дамыту, өндіріс орындарының әлеуетін арттыру және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстарға басымдық берілетінін жеткізді.
Кездесу барысында сайлауалды штаб өкілдері сайлауалды бағдарламаның басқа да басым бағыттарын түсіндіріп, еңбек ұжымының ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Өндіріс саласын дамыту, жұмыс орындарын сақтау және еңбек адамдарына қолайлы жағдай жасау мәселелері бойынша пікір алмасып, 29 қараша өтетін сайлауда «Әділет» партиясына дауыс беруге шақырды.

02 қараша 2026 ж. 57 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30