Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық арнадан Головкин-Шеремета жекпе-жегі көрсетіледі

Ұлттық арнадан Головкин-Шеремета жекпе-жегі көрсетіледі

Qazaqstan және Qazsport телеарналарының баспасөз қызметі Головкин-Шеремета жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) АҚШ-тың Флорида штатындағы Холливуд қаласында поляк боксшысы Камил Шереметамен (21-0, 5 KO) жекпе-жек өткізеді.
38 жастағы жерлесіміз шаршы алаңға соңғы рет 2019 жылдың қазан айында украиналық Сергей Деревянченкоға қарсы шыққан еді.
31 жастағы Шереметамен өтетін жекпе-жекте Головкин IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын қорғайды.
Бокс кеші аясында қазақстандық кәсіпқой боксшы, екінші орта салмақтағы WBC International Silver чемпиондық белбеуінің иегері Әли Ахмедов (16-0, 12 КО) кезекті жекпе-жегін өткізеді.
Әли Ахмедов 18 кездесудің барлығында жеңіске жетіп, 13 қарсыласын нокаутпен ұтқан 31 жастағы эквадорлық Карлос Гонгорамен жұдырықтасады. Qazaqstan және Qazsport телеарналары бокс кешін 19 желтоқсанда тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы 4-те басталады.

11 желтоқсан 2020 ж. 2 244 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 136

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 193

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 160

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 139

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930