Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 20 жастағы қазақ боксшысы қарсыласын нокаутқа түсіріп, әлем чемпионы атанды — видео

20 жастағы қазақ боксшысы қарсыласын нокаутқа түсіріп, әлем чемпионы атанды — видео

Қазақстандық спортшы жетінші жекпе-жегін де мерзімнен бұрын аяқтады.

Канаданың Монреаль қаласындағы Montreal Casino ойын-сауық орталығында бокс кеші өтті. Аталған кеште қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов шаршы алаңға шықты, деп хабарлады Sports.kz.

20 жастағы қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі жетінші кездесуін өткізді. Оның қарсыласы мексикалық Абрахам Хуарес болды. Бұл жекпе-жек он раундқа жоспарланды. Жеңіске жеткен адам WBC нұсқасы бойынша бірінші орта салмақтағы "жастар" әлем чемпионы белбеуін иеленетін-ді.

Садриддин кәсіпқой бокстағы алғашқы титулдық жекпе-жегінде қарсыласын екі рет нокдаунға жіберіп, төртінші раундта мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Төрешіге кездесуді тоқтатуға тура келді. Ол осы уақытқа дейін жеті жекпе-жек өткізіп, бәрін мерзімінен бұрын аяқтады.
27 қаңтар 2019 ж. 1 270 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 78

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930