Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда нөсер жауын жауып, күн суытады

Қазақстанда нөсер жауын жауып, күн суытады

Сурет: depositphotos.com
Қарашаның басында Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады: батыста жаңбыр жауып, кейбір жерлерде ол нөсерге ұласады, ал шығыста қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Қазгидромет синоптиктері 3-5 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазақстанның батысында нөсер жауын жауады
Синоптиктердің болжамы бойынша 3-5 қарашада Қазақстанның басым бөлігіне антициклон ықпал етеді. Сондықтан бұл аймақтарда айтарлықтай жауын-шашын жаумайды.
Десе де 4 және 5 қарашада елдің батысына солтүстік-батыс циклоны ығысады. Соның әсерінен жаңбыр, ал кейбір жерлерде нөсер жауын болжанып отыр.
Сондай-ақ, батыста күндізгі ауа температурасы +13…+21 градустан +6…+19 градусқа дейін төмендейді.
Шығыста қар жауып, көктайғақ болады
Қазақстанның шығысында қолайсыз ауа райы ерте басталады. 3 қарашада атмосфералық фронттар әсерінен жауын-шашын, кей уақытта қар да жауады. Синоптиктер көктайғақ болатынын да ескертті.
Елдің оңтүстік-шығысында күндізгі ауа температурасы +13…+18 градустан +10…+15 градусқа дейін төмендейді. Республика бойынша жел күшейіп, түнде, таңертең тұман түседі.
Қазақстанда қарашада ауа райы қандай болады?
Бұған дейін синоптиктер 2026 жылы қараша Қазақстанда климаттық нормадан жылы болады деп болжанып отырғанын, бірақ тұрғындарға тұрақты, жылы ауа райына сенудің қажеті жоқ екенін айтқан болатын. Ай бойы жаңбыр, жылбысқы қар жауып, ауа температурасы күрт өзгереді. Солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда кей күндері түнгі аяз 18 градусқа дейін жетуі мүмкін.
02 қараша 2026 ж. 65 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30