Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық жас боксшының жойқын нокауты үздік ондыққа енді – видео

Қазақстандық жас боксшының жойқын нокауты үздік ондыққа енді – видео

   20 жастағы қазақстандық Садриддин Ахмедов рейтингте тоғызыншы орынды иеленді
   Канадалық TVA Sports телеарнасының сайты 2018 жылы Квебек провинциясында жұдырықтасқан боксшылардың ең үздік он нокаутын ұсынды, деп хабарлады Sports.kz.
  Рейтингтің тоғызыншы орнын 20 жастағы қазақстандық   Садриддин Ахмедов иеленді, ол 24 қаңтарда Римускидегі бокс кешінде мексикалық Хосе Франсиско Суньиганы нокаутқа жіберген болатын.
   "20 жастағы қазақстандық Садриддин Ахмедов мексикалық Хосе Франсиско Суньиганы екінші раундта нокаутқа жіберді. "Eye of the Tiger     Management" промоутерлік компаниясының қамқорлығындағы бұл боксшының болашағы жарқын және 2019 жылы да бізді таңғалдыруы мүмкін", — деп жазылған мақалада.
   TVA нұсқасы бойынша үздік он нокауттың видеосын мына жерден көруге болады.
25 желтоқсан 2018 ж. 817 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930