Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Молшылық маусымының мерекесі

Молшылық маусымының мерекесі

Аудан орталығы – Әйтеке би кентінде «Алтын күз – 2026» мерекесі аясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Онда аудан әкімі Алмасбек Есмаханов ел ағаларымен және мерейтойға келген қонақтармен жәрмеңкені аралап, жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерімен танысты.
Берекелі күз мерекесі аясында өткен жәрмеңкеге ауданның қала, кент және ауылдық округтерінен ауыл шаруашылығы құрылымдары мен кәсіпкерлер қатысып, 59 автокөлікпен жалпы көлемі 90 тоннаға жуық өнім жеткізілді. Сауда сөрелеріне 10 тонна күріш, 4,7 тонна ет, 4 тонна сүт өнімдері, 11,5 тонна балық, 50 тонна картоп пен көкөніс, 1 тонна «Қазалы» кәмпиті және басқа да азық-түлік өнімдері шығарылды. Жергілікті кәсіпкерлер мен сауда орындары тұрғындарға күнделікті тұтынатын тауарлардың алуан түрі босатылды.
Жәрмеңкеде «РЗА-Сүт» ЖШС сүт өнімдері, жеке кәсіпкер Т.Игіліковтің балық өнімдері, «Агро-Өркен» және «Jankent Agro» ЖШС-нің күріші көпшілік назарына ұсынылды. «Орын-ай», «Мусаев», «Болашақ» сауда базарлары, «Ali-Nur», «Фея Перизат», «Ай-Арыс» сауда үйлері мен «Қазалы сабын» кәсіпкерлерінің өнімдері де сатылымға шығарылды. Жергілікті өнімдер тұрғындарға қолжетімді бағамен берілді. Мұнда халықтың азық-түлікке деген сұранысын өтеуге, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдауға және отандық өнімдердің саудасын дамытуға мүмкіндік болды. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінде арқан тарту, қол күрес, гір көтеру сынды ұлттық спорт түрлерінен жарыстар да ұйымдастырылды.
«Алтын күз – 2026» мерекесі аясындағы жәрмеңке ауданның еңбек адамдарының маңдай терімен өндірілген өнімдерін көпшілікке таныстырып, береке мен молшылықты дәріптеген игілікті шара болды.
Бұдан соң ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі мерекелік шарамен жалғасты. Аудан орталығында өткен жәрмеңкеде сахна құрылып, аудан өнерпаздары келушілерге концерттік бағдарлама ұсынды.
Шарада аудан әкімі Алмасбек Есмаханов сөз сөйлеп, қазалылықтарды берекелі күздің молшылық мерекесімен құттықтап, ізгі лебізін жеткізді. Аудан басшысы ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан халық игілігіне бағытталған реформалар жайы мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарып отырған Нұрлыбек Машбекұлының және облыс әкімі Мұрат Нәлқожаұлының қолдауымен ауданда әрбір салада атқырылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталып өтті. Мұның барлығы қазыналы Қазалы халқының ауызбіршілігінің арқасында жасалып жатқан игі істер екенін жеткізді.
Игі басқосуда ауданның ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлес қосып жүрген және «Алтын күз – 2026» мерекесі аясында Қызылорда қаласында өткен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін жоғары деңгейде өткізуге атсалысқан бірқатар азаматты аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады. Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасып, аудан өнерпаздары ән мен биден шашу шашып, молшылық мерекесінің сәнін кіргізді.
Қазалы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

03 қараша 2026 ж. 25 0

Жеңістерге толы жол

03 қараша 2026 ж. 39

Қауып алатын қауіп

03 қараша 2026 ж. 25

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30