Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның басым бөлігінде 2 қарашада жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Қазақстанның басым бөлігінде 2 қарашада жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Елдің бес қаласында жаңбыр мен жылбысқы қар жауады. Кей жерлерде көктайғақ пен тұман болуы мүмкін
Қазақстанның басым бөлігінде 2 қарашада жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі
Фото: istockphoto.com
Қазақстанда 2 қарашада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Бес қалада жаңбыр жауады, оның үшеуінде жаңбыр қарға ұласады. Елдің қалған бөлігінде жауын-шашын болмайды. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +3...+21 градус аралығында болса, түнде кей өңірлерде -8 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы 0...+2 градус, күндіз +6...+8 градус болады.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +2...+4 градус, күндіз +15...+17 градус болады.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +6...+8 градус, күндіз +19...+21 градус болады.
Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы -2...-4 градус, күндіз +11...+13 градус болады.
Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +9...+11 градус, күндіз +19...+21 градус болады.
Атырауда аздаған бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +1...+3 градус, күндіз +16...+18 градус болады.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы -2...-4 градус, күндіз +11...+13 градус болады.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы -1...-3 градус, күндіз +7...+9 градус болады.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты, аздаған жаңбыр мен қар жауады. Түнде ауа температурасы 0...+2 градус, күндіз +3...+5 градус болады.
Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +1...+3 градус, күндіз +15...+17 градус болады.
Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы -2...-4 градус, күндіз +7...+9 градус болады.
Қызылордада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы -1...-3 градус, күндіз +15...+17 градус болады.
Павлодарда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр мен қар жауады. Түнде ауа температурасы 0...+2 градус, күндіз +5...+7 градус болады.
Петропавлда бұлтты. Түнде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде -1...-3 градус, күндіз +5...+7 градус болады.
Семейде құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы 0...+2 градус, күндіз +8...+10 градус болады.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты. Түнде ауа температурасы -6...-8 градус, күндіз +15...+17 градус болады.
Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +2...+4 градус, күндіз +19...+21 градус болады.
Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +3...+5 градус, күндіз +19...+21 градус болады.
Оралда құбылмалы бұлтты. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде ауа температурасы +1...+3 градус, күндіз +13...+15 градус болады.
Өскеменде бұлтты. Күннің екінші жартысында жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +1...+3 градус, күндіз +7...+9 градус болады.



02 қараша 2026 ж. 51 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30